Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға дене тәрбиесінде қолданылатын жаттығулардың түрлері » КГУ "Специальный (коррекционный) ясли сад №123 для детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата и зрения"
Алматы қаласы білім басқармасының
"№123 арнайы балабақша"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 251-21-37
әдіскер:
+7(727) 251-27-27
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға дене тәрбиесінде қолданылатын жаттығулардың түрлері
10
сентябрь
2019

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға дене тәрбиесінде қолданылатын жаттығулардың түрлері

Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға дене тәрбиесінде қолданылатын жаттығулардың түрлері
       Балалардың дене бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Мықты денсаулық - адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Бала денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сондықтан елімізде баланың дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінуде. Дене тәрбиесінің басты мақсаты – күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмыстарға құштар, жан-жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтарды тәрбиелеу. Бұл мақсат келесі міндеттерге негізделеді: білім беру міндеттері – қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде арнайы білім беру; сауықтыру міндеттері – дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты күшейту; тәрбиелік міндеттер – адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.
       Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын сақтау, нығайту, интеллектуалдық жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоциялық көңіл-күй жағдайын көтеру, әлеуметтік ортаға сәтті бейімделуіне қамқорлық жасау - бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға дене тәрбиесін беру арнайы білім беру саласының мамандарының назарын аудартады. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалардың басым бөлігі – церебралды сал ауруына шалдыққан балалар. Церебралды сал ауруына шалдыққан балаларғауақытында емдеу курстарын бастап, жаттығуларды кешенді түрде жүргізу - баланың денсаулық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
      Жалпы дамыту жаттығулары арнайы мектептің барлық сыныптары бағдарламасына қарастырылған. Оқушылардың, дұрыс, терең дем алуы, сымбатты тұлғасын қалыптастыруда жалпы дамыту жаттығулары маңызды орын алады. Сонымен қатар, сабаққа дейінггі гимнастика, сергіту сәттері жиынтығын құрастыруда өте қажет жаттығулар. Жалпы дамыту жаттығуларының ерекшеліктері – бұлшық етттердің жекелеген топтарына, иіннің, кеуденің, құрсақ шандырының, аяқтың және басқа жердің бұлшық еттеріне әсер етуі. Бұл жаттығулар топтарының басқа жаттығулардан ерекшелігі емдік прфилактикалық жаттығулар ретінде қолданылуы. Мысалы: кеуде қуысы қызметі бұзылғанда, дене бітімі дұрыс қалыптаспағанда, омыртқа қызметін дұрыс қалыпқа келтіруде де қолданылады.


Жаттығулар жиынтығын құрастыру барысында келесі талаптар орындалуы қажет:
-жаттығуларды орындау барысында өте тиімді қарапайым жаттығудан бірте-бірте күрделіге ауысуы;
-дене түсетін салмақтың бірте-бірте өсуі;
-жаттығулардың барлық бұлшық еттер топтарына әсерінің болуы;
-әртүрлі бұлшық ет топтарына қарай жаттығуларды іріктеу, бірте-бірте орындату;
-дұрыс сымбат қалыптастыруға негізделген және тыныс алу жаттығуларын міндетті түрде жоспарлау .


Шартты түрде, тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды физикалық дамытатын келесі жалпы дамыту жаттығулар кешенін қолдануға болады:
•Тыныс алу жаттығулары
•Қолға арналған жаттығулар
•Аяққа арналған жаттығулар
•Созылуға арналған жаттығулар
•Бұлшықеттерді босаңсуға арналған жаттығулар (релаксация)


Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға дене тәрбиесінде қолданылатын жаттығулардың түрлері:
    Тыныс алу жаттығулары – ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартуды көздейді. Ұзаққа созылған созылмалы науқастардың (тыныс демікпесі, созылмалы бронхит, демікпе, өкпенің қабынуы, т.б.) тыныс мүшелерінен басқа да көптеген ас қорыту мүшелері мен қан айналымдары және жүйке жүйелерінің жұмыс істеу қызметтерінің бұзылуын орнына келтіретін негізгі емделу құралы .
1) Бастапқы қалып (Б.қ.) – негізгі тұрыс. Мұрын арқылы демалу.
1- мұрынның бір жақ қуысын жауып, терең демалу, 2 - мұрынның екінші қуысын ашып, дем шығару. Жаттығудың қайталану жиілігі -3-5 рет .
2) Б.қ. – негізгі тұрыс, қол аяқ бойында. 1 - екі қолды жоғары көтеру, оң жақ аяқтың ұшымен бір адым артқа жасап, демалу; 2 – қолды төмен түсіріп, аяқты бастапқы қалыпқа келтіріп, дем шығару. 3 - екі қолды жоғары көтеру, сол жақ аяқтың ұшымен бір адым артқа жасап, демалу; 4 – қолды төмен түсіріп, аяқты бастапқы қалыпқа келтіріп, дем шығару. Жаттығудың қайталану жиілігі -3-5 рет.
3) Б.қ. – негізгі тұрыс. 1- қолды кең жаю, терең тыныс алу; 2 – қолды кеуде алдына айқастырып, дем шығару. Жаттығудың қайталану жиілігі -3-5 рет.
Қолға арналған жаттығулардың мақсаты- қол бұлшық еттерінің әр түрлі топтарын дамытуға бағытталады.
1) Б.қ. – негізгі тұрыс. Екі қол кеуде алдында, саусақтар жұдырыққа түйілген. Кеуде алдында жұдырықтарды бір біріне тигізбей 1-2-3-4 шеңбер бойымен айналмалы қозғалыстар жасау; 5-6-7-8 – шеңбер бойына қарсы айналмалы қозғалыстар жасау. Бастапқы қалыпқа оралу. Жаттығудың қайталану жиілігі -6-8 рет.
2) Б.қ. – негізгі тұрыс. 1 – екі қолды жоғары көтеру; 2- екі қолды екі жаққа жаю; 3 – екі қолды иыққа қою; 4 – екі қолды кеуде алдына апару. Бастапқы қалыпқа оралу. Жаттығудың қайталану жиілігі -6-8 рет.
3) Б.қ. – негізгі тұрыс, аяқ иық бойында. Қолдар төменде құлыпқа айқастырылған. Зақымдалған қол сау қолдың астында.1-2 қолдарды жоғары көтеру зақылдалған қол сыртқа қарайды; 3-4 қолды түсіру. Бастапқы қалыпқа оралу. Жаттығудың қайталану жиілігі -6-8 рет.


Аяққа арналған жаттығулар тобыаяқ бұлшық еттерін жаттықтыруға бағытталған.
1) Б.қ. – отыру, аяқтар бір бірінен алшақ орналасқан. Бір аяқ бүгулі, екі қол бүгілген аяқтың тізесінде. 1-2-3-4 - бүгілулі аяқпен айналмалы қозғалыстар жасау; 5-6-7-8 – аяқты ауыстыру. Бастапқы қалыпқа оралу. Жаттығудың қайталану жиілігі -6-8 рет.
2) Б.қ. – отыру, аяқ бірге. Оң қолмен сол аяқты табанынан ұстап, сол қолмен сол аяқты – жіліншіктен ұстау:1-2-3- аяқты алға қарай созу; 4 – бастапқы қалыпқа оралу; 5-6-7- келесі аяқпен қайталау; 8- бастапқы қалыпқа оралу. Жаттығудың қайталану жиілігі -6-8 рет.
3) Б.қ. – отыру. 1 – оң аяқты созу; 2-3- екі қолмен оң аяққа қарай ұмтылу; 4 – бастапқы қалыпқа оралу; 5 – сол аяқты созу; 6-7- екі қолмен сол аяққа қарай ұмтылу; 8 – бастапқы қалыпқа оралу. Жаттығудың қайталану жиілігі -6-8 рет.


Стретчингалғаш Швецияда пайда болып, 20 жыл ішінде бүкіл әлемге белсенді түрде таратылды. Стретчингпен айналысу дененің жоғары жұмыс істеу қабілеттігіне ие болу және жүрек жүйесінің жұмысын жақсартудың кепілі .
1) Б.қ. – тік тұру. Аяққа қарай созылу:
1) екі аяқты барынша тік ұстап еденге қарай ұмтылу.
2) аяқ табандары иық бойында жаттығуынан бастап, күрделендіре отырып
3) аяқ табандары бірге жаттығуына көшу. Жаттығудың қайталану жиілігі -6-8 рет.
2) Б.қ. – тұру, аяқ табандары иық бойында.
1 - оң қол сол аяққа тартылады;
2 – сол қол оң аяққа қарай тартылады. Жаттығудың жасалу қалпы «диірмен» тәрізді. Жаттығудың қайталану жиілігі -6-8 рет.
3)Б.қ. – тік тұру. Көлденең және тік ұмтылыс жасау.
1-2 оң аяқ жартылау бүгулі, сол аяқ артта тік ұмтылыс жасау;
3-4 сол аяқ жартылау бүгулі, оң аяқ артта тік ұмтылыс жасау;
5-6 оң аяқтап отырып, сол аяқ тұлға бойымен көлденең ұмтылыс жасау;
7-8 сол аяқтап отырып, оң аяқ тұлға бойымен көлденең ұмтылыс жасау;
Бастапқы қалыпқа оралу. Жаттығудың қайталану жиілігі -6-8 рет.


Бұлшықеттерді босаңсуға арналған жаттығулар (релаксация)
     Релаксация латынша (relahatio-тынығу,босаңсу) - толық және бұлшық еттің кейбір бөліктерінің босаңсуымен байланысты тыныштық жағдайы.Релаксация жаттығуларының түрлі әдістері бар. Ең кең тараған түрі бұлшық еттің ширығуы мен  босаңсуына негізделген  бұлшық ет релаксациясы. Релаксациялық жаттығулар оқу барысында туындайтын жүйкелік-психикалық мазасызданудың алдын алуға, қиялдауына, өзіне деген сенімін қалыптастыруына жағдай жасайды. Релаксацияны барлық топта, кез келген ыңғайлы бөлмеде өткізуге болады. Релаксация технологиясының қарқындығын, мақсатын  балалардың жағдайына байланысты анықтап, қолданады.
1)Б.қ. – тік тұрыс. Қол төменде. Оң иықты көтеріп құлақ ұшына тигізу. Иықты күшпен түсіріп жіберу.Сол иықты көтеріп құлақ ұшына тигізу. Иықты күшпен түсіріп жіберу. Жаттығу жасау барысында Басты бір қалыпта, тік, қозғалтпай ұстау. Жаттығудың қайталану жиілігі -6-8 рет.
2) Оқушыға сырнайда ойнауға ұсыныс жасау. Сырнайды қолында ұстап тұрғандай көз алдына елестетіп, өкпеге көбірек ауа жинап, ерінді түтік тәріздес етіп сырнайға әлсін-әлсін ауа жіберу. Ауа жіберу барысында созылмалы «у» дыбысын сырнай дыбысы сияқты шығару. Жаттығудың қайталану жиілігі -6-8 рет.
3) Оқушы жаз мезгілін елестетеді. Айналада көбелектер ұшып-қонып жүр. Бір көбелек сенін қабағына келіп қонды.       Оқушыға қонған көбелекі әткеншекте сырғанату ұсынылады. Қабағын жоғары көтеріп-төмен түсіру қимылдарын жасау. Жаттығудың қайталану жиілігі -6-8 рет.
    Сонымен, жалпы дамытатын жаттығулармен жүйелі түрде айналысу баланың дене жағдайын өзгертеді, орталық жүйке жүйесінің қызметін күшейтеді, тыныс алу, қан айналым жүйелерінің қызметін, сондай-ақ бұлшық ет топтарының қызметін күшейтеді, дамытады, еңбекке деген қабілетін арттырады. Жалпы дамыту жаттығулар кешенін қолданудың тағы бір маңыздылығы жаттығулардың тірек-қимыл аппаратын дамытуға және бекітуге әсері: сүйек дұрыс және уақытылы бекиді, омыртқа иілістері қалыптасады, байланыс буындық аппаратттары күшейеді, бала денесі икемді болады. Аталмыш жаттығулар ішкі ағзалардың ішінде жүрек пен өкпе қызметінің де жұмысын жақсартады. Жалпы дамыту жаттығулар кешені бала денесінің күш-қуат, жылдамдылық, ептілік, төзімділік, икемділік сияқты сапалық қасиеттерін дамытуға зор үлесін қосады. Ал дененің сапалық қасиеттері біріккен, байланыстырылып, жүйелі түрде ұйымдастырылған жаттығулар жасау нәтижесінде дамиды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив