Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары » КГУ "Специальный (коррекционный) ясли сад №123 для детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата и зрения"
Алматы қаласы білім басқармасының
"№123 арнайы балабақша"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 251-21-37
әдіскер:
+7(727) 251-27-27
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
июнь
2022

Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары

                                        Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары
І. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары - Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. - Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. - Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар. - Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. - Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз. - Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз. - Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
II. Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.
III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады. - егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз. - Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз. - Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз. - Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.
IV. Су иірімінен шығудың тәсілдері - Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз. - Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз. - Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.
V. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет Суда ұзақ шомылу шаршап - шалдығуға әкеліп соғады. - Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз. - Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз. - Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

"Жаз маусымында суда шомылу ережелері және қауіпсіздік шаралары "

"Жаз маусымында суда шомылу ережелері және қауіпсіздік шаралары "

"Жаз маусымында суда шомылу ережелері және қауіпсіздік шаралары "
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив