Серуен картотекасы - "Жаз" » КГУ "Специальный (коррекционный) ясли сад №123 для детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата и зрения"
Коммунальное государственное учреждение
"Специальный детский сад №123 "
Управления образования города Алматы
Меңгеруші:
+7(727) 251-21-37
әдіскер:
+7(727) 251-27-27
Версия для
слабовидящих
06
июнь
2022

Серуен картотекасы - "Жаз"

Серуен картотекасы - Жаз
Серуен №1

Жаздың белгісін байқау
Мақсаты: балалардың табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқай білу және оны анықтап айта білу дағдыларын дамыту. (күннің ұзаруы, өсімдіктер дүниесінің әсемдігі, ауа - райының өзгешелігі т. б.).
Бақылау барысы
Көркем сөз: «Жаз» С. Оспанов
Ауыл қонды жайлауға,
Дала жатыр жадырап.
Қой қаптады қойнауда,
Қозы, лақтар жамырап.
Жаз жайдары, алақай,
Жатыр жайнап даламыз.
Жүр, қанекей, балақай,
Шомылуға барамыз.
Балаларға сұрақтар
• Көктем мен жаздың қандай айырмашылықтары бар?
• Жазда ауа - райы қандай болады?
• Біз жазды не үшін жақсы көреміз?
• Айналаны қарағанда қандай көріністерді көреміз?
Зерттеу жұмысы
Балалармен көктемгі ағаштар бейнесі салынған суреттермен, қазіргі ағаш бейнесін салыстыру.
Еңбек Гүл отырғызатын гүлзардағы еңбек (жерді тазалау, қопсыту).
Мақсаты: Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Өз орныңды тап»
Мақсаты: денесін тепе – тең ұстап, бір аяқпен бірнеше рет секіруге үйрету. Ойын тәртібін бұзбау.
Жаттығу ойындары: Доппен жаттығу: допты жерге лақтырып, екі қолмен қағып алу
Мақсаты: допты жерге лақтырып, екі қолмен қағып алу.
Халық болжамы:
1. Торғайлар топ - тобымен ұшып жүрсе - ауа райы құрғақ, күн жылы болады.
2. Ыстық жел тұрса - жаңбыр жауады.

Серуен №2
Табиғатты бақылау
Мақсаты: қоршаған ортаны, табиғатты, ауа – райын бақылау. Табиғатқа, табиғаттағы тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Бақылау барысы
Көркем сөз «Жаз» Ә. Ахметов
Нұр тұнып, құлпырып,
Айнала жайнады.
Тұр күнге ұмтылып,
Алма ағаш бақтағы.
Өзен жай ағады,
Жағасы балауса.
Көбелек қағады,
Қанатын жалауша.
Балаларға сұрақтар
• Бүгінгі ауа - райы қандай?
• Жазда жан - жануарлар қалай тіршілік етеді?
• Майда жәндіктер қалай тіршілік етеді?
• Жәндіктердің қандай пайдасы бар?
• Жазғы ағаш бейнесі туралы не айтуға болады?
• Жаз несімен қызықты?
Зерттеу жұмысы. Балалардың назарын жәндіктерге аудару. олардың тіршілік әрекеттерін бақылау.
Еңбек Ағаш түптерін қопсыту.
Мақсаты: топырақты қалай қопсыту керек екенін көрсету, маңызын түсіндіру.
Қимылды ойын: «Бәйге».
Мақсаты: Тез жүгіруге жаттықтыру, жылдамдықтарын дамыту.
Жаттығу ойындары: Қимылдарын дамыту
Мақсаты: екі аяқпен бірдей бір орында секіре білуге, тұрған жерінде секіруге жаттықтыру.
Халық болжамы:
• құмырсқа илеуіне тығылса (ұясына) күн күркірейді;
• егер күн ұясынан шығарда ауа райы қапырықтау болса - кешке жақын жаңбыр жауады.

Серуен №3
Жәндіктерді бақылау
Мақсаты: балабақша ауласындағы жәндіктерді бақылау жұмыстарын жалғастыру. Олардың жазғы тіршілігі туралы білімдерін молайту.
Бақылау барысы
Балаларға сұрақтар:
1. Жәндіктерге нелер жатады?
2. Жәндіктер қандай табиғатқа жатады?
3. Қандай жәндіктер пайдалы жәндіктерге жатады? Неге?
4. Зиянды жәндіктер деп нелерді айтамыз? Неге?
5. Балабақша ауласынан жәндіктерді кездестіруге бола ма?
Жәндіктер дүниесі алуан түрлі. Олардың біз білмейтін, біз көрмеген түрлері де көп - ақ. Олардың өз ерекшеліктері, өз тіршіліктері бар. Жәндіктер көктемнің аяғына қарай, жер әбден қызған кезде пайда болады. Олар қайдан шығады? Олар жаз бойы азықтарын жинап, қысқа дайындалады да, күз түсіп күн суыта бастаған кезде жер астындағы індеріне кіріп жатады. Кейбір жәндіктер өз індерін ағаш қуыстарына, қалың шөп астына да салады.
Балаларға тапсырма: «Құмырсқалар илеуі» тақырыбына бормен сурет салу.
Еңбек: Алаңшаны тазалап, түтікті су құбырына біріктіріп, шөптерге су құю.
Мақсаты: бірлесе еңбек етуге, еңбек нәтижесіне жетуге баулу. Табиғатқа қамқорлыққа тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Аққу - қаздар»
Мақсаты: белгі берісімен тез жүгіруге жаттықтыру.
Жаттығу ойындары: допты жерге лақтырып, әуелі екі қолмен, кейін бір қолмен допты қағып алуға жаттыктыру.
Халық болжамы:
• өрмекші ауын тоқтаусыз, белсеніп құра берсе - күн ыстық болады;
• өрмекші бұрышқа тығылса - жел көтеріледі;
• бақалар бақылдап тынышталмаса - ауа райы өзгеріп бұзылады.

Серуен №4
Бағдаршам жұмысына бақылау
Мақсаты: бағдаршам туралы балалардың білімдерін бекітіп, тереңдете түсу, жолда жүру ережесін қатаң сақтауға тәрбиелеу.
Бақылау барысы
Сұрақтар:
1. Бағдаршамның қандай белгісіне жаяу жүргіншілер жүре бастайды? Машина жүргізушілер қандай белгі берілгеңде жүреді?
2. Бағдаршамның төрт жағындағы шамдар қалай жанады?
3. Неге бағдаршамның екі жағынан қызыл шамдары, екі жағынан жасыл шамдары жанады? Бұл нені аңғартады?
4. Бағдаршамның неше жағы бар?
5. Бағдаршамның сары шамы бір сәтте барлық жағына жанады. Бұл нені аңғартады?
Бағдаршам дұрые жұмыс істеп тұрса, бір белгі келесі белгімен алмастырылады. Барлығы соған бағынады, сондықтан көшеде тәртіп болады.
Көркем сөз: «Бағдаршам» Ә. Табылдиев
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта! Сақтан! Жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Зертеу жұмысы: балалармен бағдаршам жұмысын және жол реттеуші жұмысын бақылау. Не көргендерін, не ұққандарын әңгімелеу.
Еңбек: алаңшада, жол қиылысындағыдай белгі жасау, оны тазалап, сыпырып, жөнге келтіру.
Мақсаты: жұмыла еңбек етіп, бастаған істі аяғына дейін жеткізу.
Қимылды ойын: «Бағдаршам».
Мақсаты: бағдаршамның белгілері туралы балалардың білімдерін бекіте түсу.
Жеке жұмыс: «Көңілді жолаушылар» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру

Серуен №5
Ағаштарды бақылау
Мақсаты: Балабақшаның ауласында өсіп тұрған ағаштарды жапырақтары бойынша танып, атын атай білу. Табиғат байлығы ағаштарға қамқор болуға, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Бақылау барысы
Балаларға сұрақтар:
• Ағаштардың бір - біріне қандай ұқсастығы бар?
• Айырмашылығы кандай?
• Ағаштардың қандай пайдасы бар?
• Қалың ағаш өсетін жерді қалай атайды?
• Орманды қалай сақтау керек?
• Орманды қорғайтын адамдарды қалай атайды?
Көркем сөз: «Орманшы» М. Әлімбаев
Орманшы менің нағашым, Лайлатпайды тұнығын,
Омырауында үлкен дүрбісі. Ауырлатпайды ауасын.
Аралап орман арасын, Көрсең де қашан, қай түні,
Түспейді аттан бұл кісі. Айтатын сөзі әйгілі:
Шырылдатып шыбығын, - Қалың ну - халық саулығы!
Аңыратпайды ағашын. Көк орман - Отан байлығы!
Дидактикалық ойын: «Қай ағаш екенін тап»
Мақсаты: тәрбиешінің берген нұсқауымен аталған ағашта табу.
Еңбек: ағаштар түбінің топырағын қопсыту.
Мақсаты: балаларға ағаш түптерін не үшін қопсыту керектігін түсіндіру, ағаштарды күтуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Кім ағашқа бұрын жетеді».
Мақсаты: Берілген белгі бойынша тез жүгіруге жаттықтыру, мақсатқа жетуге деген ынталарын арттыру.
Еңбек: ағаштардың діңгектерін (жерін, топырағын) қопсыту.
Жаттығу ойындары: Қимылдарын дамыту.
Мақсаты: балаларды допты баскетбол ойынындағыдай қимылмен алып жүруге және лақтыруға жаттықтыру.
Мақал - мәтел: - Адамның құдіреті жүрегінде,
Ағаштың құдіреті түбірінде.
- Қалың ну - халық саулығы,
Көк орман - Отан байлығы 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив