Логопедтің кеңестері » КГУ "Специальный (коррекционный) ясли сад №123 для детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата и зрения"
Коммунальное государственное учреждение
"Специальный детский сад №123 "
Управления образования города Алматы
Меңгеруші:
+7(727) 251-21-37
әдіскер:
+7(727) 251-27-27
Версия для
слабовидящих
10
октябрь
2022

Логопедтің кеңестері

                                  Логопедтің кеңестері

              Сәбиге бесік жырын айтыңыз, үлкейген соң, көп әңгімелесіңіз. Бұл баланың есту қабілетін, түйсігін дамытады. Бесік жырын айтқан кезде бала естіген дыбысына еліктеп, соны қайталайды. Бесік жырларының басты ерекшелігі – онда жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң, қатаң-ұяң-үнді дыбыстардың барлық түрі қамтылған. Тиісінше, әрбір дыбыс түрін есту арқылы бала анық сөйлеуге бейімделеді. Бұл баланың кейін кей дыбыс түрлерін дұрыс айта алмауының алдын алады. Сондай-ақ, баламен көп әңгімелесу арқылы да оны еркін сөйлеуге дағдыландыруға болады.

       Баланың әрбір қимылын қадағалаңыз. Әрбір бала өз жасына сай жетіліп-дамуы қажет. Оның денесіндегі, қимылындағы әрбір өзгеріс оның дамуын тежеуі мүмкін. Сөйлеуде де солай. Кекештеніп сөйлесе, ойын жеткізуде қиналса, сөйлегенде ауыз қуысының мүшелерін қалыпты жағдайда қимылдатпай, өзгеше әрекет жасаса, мұның бәрі баланы дәрігерге апаруға себеп болуы мүмкін.

     Баланы жастан асқанша ана омырауын емуден шектемеу қажет. Ана сүтін емген бала тез қуаттанады және ана омырауын сору кезінде баланың ауыз қуысындағы бұлшықеттер тез әрі жақсы дамиды. Ал бала емізіп отырып анасы бесік жырын айтса, тіпті пайдасы зор. Өйткені бұл уақытта бала мейірімге бөленіп, өзін қауіпсіз әрі жайлы сезініп, ақпаратты тез қабылдайды.

     Баланы ұрып-соғудан мүлдем аулақ болу керек. Бұл психикалық ауытқуларға әкеледі. Ал психикалық ақауы бар балалардың әдетте тұйықталып, сөйлеу дағдысы бұзылатыны белгілі.

     Балаларға сүйек немесе құрт мүжітуді әдетке айналдыру керек. Анасының омырауын ему кезінде әбден жаттыққан балалардың ауыз қуысындағы бұлшықеттері қалыпты тамақ жеу дағдысына көшкеннен кейін аздап әлсірейді. Ал бұлшықеттің жақсы жетілуі сөйлеуге тікелей әсер ететіндіктен, оны жаттықтырып тұру қажет. Бұл ретте сүйек мүжу не құрт жеу, тіске зиян келтірмейтін өзге де кепкен жеміс-жидектерді жеу, қатты тамақ өнімдерін шайнау өте пайдалы.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив