"Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі" » КГУ "Специальный (коррекционный) ясли сад №123 для детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата и зрения"
Алматы қаласы білім басқармасының
"№123 арнайы балабақша"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 251-21-37
әдіскер:
+7(727) 251-27-27
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
июнь
2022

"Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі"

"Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі"


I. Кіріспе
1. Ерте жастағы балалардың тілін дамыту және де ондағы ойынның рөлі
1. 2. Жобаның мақсаты мен міндеттері
II. Жобаның негізгі мазмұны
2. 1. Ерте жастағы балалардың (1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі және 2 жастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін) тіл дамуының ерекшеліктері.
2. 3. Ерте жастағы балалардың (2 - 3 жас аралығы) тілін дамытуда ойындарды пайдалану ерекшеліктері:
2. 4. «Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі»
жобасынан күтілетін нәтиже …
2. 5. «Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі» атты жобаны жүзеге асыруда алдымызға қойған жұмыс жоспары:.......
2. 6. Ерте жастағы балалардың тілін ойын арқылы дамыту жұмысына әсер етіп, мәселені шешуге септігін тигізетін белгілер..........
2. 7. Ерте жастағы балалардың тілін ойын арқылы дамыту жұмысында кездесетін кедергілер:..
2. 8. Ерте жастағы балалардың (2 - 3 жас аралығы) тілін дамыту мақсатында имитациялық (еліктеу) ойындарын пайдаланудың тиімділігін бағалау критерийлері

III. Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

«Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес»
Ыбырай Алтынсарин
I. Кіріспе
1. Ерте жастағы балалардың тілін дамыту және ондағы ойынның рөлі.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету. Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана - сезімін, ой - өрісін жетіле түсуіне негіз болады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрбылас балалармен белсенді түрде сөздік қарым - қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі іс - әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады.
Баланың өмірлік тәжірибесін дамыту, айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы өтетін ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде, ойын, еңбек үрдістерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады.
Ал ойын - дегеніміз не? Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдарының бірі.
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі - ойын әрекеті.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко - ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады деген екен. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу - бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын - балалар үшін айналаны танып, білу тәсілі.
Ойын әрекеті мазмұнының әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап - ақ маңайындағылармен қарым - қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.
1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі ерте балалық шақ бала өмірінің ерекше кезеңі. Бұл уақытта бала ағзасы тез қарқынмен өсіп, үлкендердің балаға әсер етуі неғұрлым тікелей және ұзақ мерзімде болады. Бір жастағы бала сенсорлық, сөйлеу, манипуляциялық қимыл дағдыларын меңгеруден сензитивті кезеңге өтеді. Сөйлеу белсенділігі қалыптасады. Бала жеке сөздерді анық айта бастайды. Үлкендердің көңілін аудару үшін кейбір жеке сөздерді айта алады. Тапсырмаларды орындайды, өзінің әрекетін сөздер мен тіркестер арқылы толықтырады. Бөлмедегі заттар, жануарлар, өсімдіктер мен адамдардың белгілерін білдіретін сөздерді түсінеді. Ана тілінде қарым - қатынаста шамамен 200 - 300 сөз қолданады. Сөзді қимылмен, ыммен, көздің қиығымен түсіндіреді. Екі - үш ауыз сөзбен көргендерін айтып береді. Балаларға арналған өлеңдерді дауыс екпінін келтіріп жатқа айтады. Суретті кітаптарға қызығушылықпен қарайды. Осы жас аралығындағы баланың тіл дамуының критерийлері: үлкендердің талаптарын түсінеді, тыңдау, басқа балалардың қызығушылығымен есептесу іскерлігі пайда болады. Эстетикалық қабылдауын, әдемі, ашық заттар мен киімдерін байқайды. Үлкендердің сөздерін, жеке фразаларын, ұйқасын, сөйлеу қарқыны мен дауыс күшін өзгертіп қайталайды. Ертегі кейіпкерлерінің рөлін орындап, заттардың қасиеттерін атай алады. Ерте жаста бала ойын іс - әрекетіне деген ықыласын таныта бастайды. Осыған орай, пәндік - дамытушы ойын ортасын жасау керек. Ойын барысында мәселелі жағдайларды пайдалана отырып, балалардың ересектің көмегінсіз тығырық жағдайлардан шығу жолдарын таба білуге түрткі болу. Балаларды ойын барысында бір - біріне бөгет жасамай ойнауға үйрету, ойындық байланысқа түсуге жетелеу. Ұлы педагог В. И. Сухомлинский өз сөзінде ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз, шығармашылықсыз толық мәндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды деп түйін қорытқан. Демек, ойын арқылы баланың ақыл - ойы, сөздік қоры толыға түседі. Ойынның тілді дамытуда орны ерекше.
Ендеше біздің алдымызда ерте жастағы балалардың (2 - ден 3 жасқа дейінгі кезең) тілін дамытуға септігін тигізетін ойындарды анықтау мәселесі туындап отыр. Осы мәселені шешу мақсатында біз аталмыш тақырыпта жоба жасауды жоспарға алдық.

1. 2. Жобаның мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты: Ерте жастағы балалардың енжарлық салып сөйлеуін толықтырып, байытып және түсінетін сөздер қорын ойын арқылы молайту.
Міндеттері:
- ерте жастағы балалардың (1 жас 6 айдан бастап 2 жасқа дейінгі және 2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балалар үшін) тіл дамуының ерекшеліктерін анықтау.
- ерте жастағы балалардың (2 - 3 жас аралығы) тілін дамытуда ойындарды пайдалану ерекшеліктерін анықтау
- практика жүзінде ерте жастағы балалардың (2 - 3 жас аралығы) тілін дамытуда қолданылатын ойындардың картотекасын құру.

II. Жобаның негізгі мазмұны:
2. 1 Ерте жастағы балалардың (1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі және 2 жастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін) тіл дамуының ерекшеліктері

Зерттеушілер балалардың сөйлеу тілі даму кезеңдерінің әр түрлі санын бөледі, оларды әр қилы атайды, олардың әр алуан жас шекараларын көрсетеді. Мысалы, А. Н. Гвоздев баланың сөйлеу тілінде әр түрлі сөйлем мүшелерінің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің сан алуан түрлерінің пайда болу реттілігін бақылайды және осының негізінде бірқатар кезеңдерді бөледі.
Г. Л. Розенгард - Пупко бала тілінің дамуында 2 кезең ғана бөлді: дайындық (2 жасқа дейін) және сөйлеу тілінің өзіндік даму кезеңі.
Бізді қызықтыратын 1 жастан 2 жасқа және 2 - 3 жасқа дейінгі кезеңдер болғандықтан, олардың сипатталуына тоқталайық.

Осымен, І кезең – дайындық (туғаннан бастап 1 жасқа дейін) кезеңі.

Бұл кезең неге осылай аталады? Өйткені осы уақытта сөйлеу тілін меңгеруге дайындығы болады.

Балада туғаннан бастап дауыс реакциялары пайда болады:айқайжәнежылау. Олар адам сөйлеуіндегі дыбыстардан өте алыс екені рас. Бірақ айқай да, жылау да сөйлеу аппаратының үш бөліміндегі жіңішке және түрлі қозғалыстардың дамуына көмектеседі.

2 жұмадан кейін балаланың сөйлеп тұрған адамның дауысына назар аудара бастауын байқауға болады. Ол жылауын қояды, оған қарап сөйлегенде тыңдап жатады. Бірінші айдың аяғында баланы әуенді әнмен (бесік жырымен) тыныштандыруға болады. Әрі қарай ол сөйлеп тұрған адамның жағына қарай қарауға немесе сол адамды көзбен бақылай бастайды. Жақында сәби интонацияға назар аудара бастайды: нәзік дауысқа мәз болады, ал қатты дауысқа жылайды.

2 айға қарай гуілдеу және 3 айдың басына қарай былдырлау пайда болады. Былдырлау – бұл белгілі бір артикуляциясы бар дыбыстардың бірігуі.

Бала 5 айдан бастап дыбыстарды естиді, қоршаған адамдардағы еріннің артикуляциялық қозғалыстарын көріп, еліктеуге тырысады. Белгілі бір қимылдардың көп рет қайталануы қозғалыс дағдысының бекітілуіне әкеледі.

6 айдан бастап бала жеке буындарды еліктеу арқылы айтады (ма-ма-ма, па-па-па және т.б.).

Әрі қарай бала еліктеу арқылы сөйлеу тілінің барлық элементтерін ақырындап иеленеді: фонемдерді ғана емес, үнді, қарқынды, ырғақты, әуенді интонацияны.

Екінші жарты жылдықта бала белгілі бір дыбыс тіркестерін қабылдап, оларды затпен немесе әрекетпен байланыстырады. Бірақ осы уақытта ол әлі де әсер етудің барлық кешеніне назар аударады: жағдайға, интонацияға, сөзге. Осының барлығы уақытша байланыстың пайда болуына көмектеседі (сөздерді есте сақтау және оларға реакция).

7-9 айдағы бала әр түрлі дыбыстардың бірлесулерін ересектердің артынан қайталай бастайды.

10-11 айда сөздердің өзіне реакция пайда болады (жағдайға немесе сөйлеушінің интонациясына тәуелді емес).

Осы уақытта аса үлкен мағынаны баланың тілі қалыптасып жатқан орта иеленеді (қоршағандардың дұрыс сөйлеуі, ересектерге еліктеу және т.б.).

1 жасқа қарай алғашқы сөздер пайда болады.

ІІ кезең – сөйлеу тілінің өзіндік даму кезеңі.

Балада алғашқы сөздердің пайда болуынан дайындық кезеңі аяқталады да, белсенді сөйлеу тілінің қалыптасу кезеңі басталады. Осы уақытта балада қоршағандардың артикуляциясына ерекше зейіні пайда болады. Ол сөйлеушінің артынан өте көп және ынтамен қайталайды, өзі де сөздерді айтады. Осы кезде бала дыбыстарды шатастырады, оларды орындарымен алмастырады, бұрмалайды, түсіріп тастайды.

Баланың алғашқы сөздері жалпылама-мағыналық сипатын иеленеді. Бір сөзбен немесе дыбыстық тіркеспен ол затты да, өтінішті де, сезімді де белгілеуі мүмкін. Баланы тек белгілі бір жағдайда ғана түсінуге болады. Сондықтан осындай сөйлеу тіліжағдайлықдеп аталады. Жағдайлық сөйлеу тілін ым-ишарамен, мимикамен жетелейді.

         1,5 жастан бастап сөз жалпылама сипатына иеленеді. Ересекпен сөз арқылы түсіндіруін ұғу, білімдерді меңгеру, жаңа сөздерді есте сақтау мүмкіндігі пайда болады.

Енді біз дыбыстардың пайда болу заңдылықтарына үңілейік. Ең алдымен балаларда жабысыңқы-жарылғыш (еріндік (п, п', б, б'), тілалды (т, т', д, д')) және жабысыңқы-өткізгіш (еріндік (м, м'), тілалды (н, н', л, л')) дыбыстар пайда болады. Еріндік дыбыстардың алдымен пайда болу себебі 1-ден 2 жасқа дейін балаларда еріндер ең белсенді және қозғалмалы болып келеді. 2 жасында [п], [п'], [б], [б'], [т], [т'], [д], [д'], 2,5 жасында [м], [м'], [н], [н'], [ң] дыбыстары шықса, ал [л], [л'] дыбыстары 3,5 жасқа қарай ғана пайда болады. Осыартикуляцияныңбіріншітүріболып саналады.

Артикуляцияның екіншітүрібалада саңылаудың (артикуляция мүшелерінің белсенділігі) пайда болуына негізделеді.Саңылаулы(фрикативті) [ф], [ф'], [в], [в'] (еріндік-тістік) дыбыстары 1 жыл 8 айдан 1 жыл 10 айға дейінгі аралықта пайда болады. Ал [с], [с'], [з], [з'] (тілалды) дыбыстары 2 жыл 2 айда шығады. 2,5 жасқа қарай  [j] (тілортасы), 2 жыл 6 және 2 жыл 7 айларында [х], [х'], [һ] (тіларты), 2 жастың аяғына қарай [к], [к'], [г], [г'], [қ], [ғ] дыбыстары пайда болады. 3 жасқа қарай балаларда барлық дерлік дыбыстары қалыптасады. Бірақ олар басқа дыбыстармен алмасуы мүмкін.

Артикуляцияныңүшіншітүріаффрикаттар. Ол 2-жастың аяғына қарай пайда болып, жабысыңқы мен саңылаудың тез ауысуынан шығады. Бірінші аффрикат [ц] ([т] мен [с] дыбыстарының қосындысы) 2 жыл 4 және 2 жыл 6 айларында, 4 айдан кейін екінші аффрикат [ч] ([т] және [щ] дыбыстарының қосындысы), яғни 2 жыл 8 және 2 жыл 10 айларында пайда болады.

Жұмсақ дыбыстарды айту қосымша тіл арқасындағы ортаңғы бөлігінің таңдайға көтерілуін талап етеді. Артикуляцияның бұндай түрі палладализация (Palladio-таңдай) деп аталады. 2 жасында баланың тілі физиология жағынан қарағанда ауыз қуысының түбінде жатады. Ал 3 жасқа қарай тіл көтеріле бастайды. Сондықтан да алдымен қатты, кейін жұмсақ дыбыстар пайда болады. 2,5 жаста тіл астына түседі, яғни тіл арқасының ортаңғы бөлігі автоматты түрде көтеріліп, басқарылуы мүмкін. Сондықтан бала дыбыстардың қатты да, жұмсақ та түрлерін айта алады. 2 жыл 8 және 2 жыл 10 айларында балада жұмсақ және қатты дыбыстардың дифференциациясы қалыптасады. 

Артикуляцияның ең ауыр және соңғы, төртінші түрі келесі кезеңде көрсетіледі..

2 және 3 жаста балада сөздік қордың жиналуы байқалады.

Әр түрлі зерттеушілер ерте жастағы балалардың (1 жас 6 ай-3 жас аралығы) балалардың сөздік қоры туралы әр алуан сандық мағлұматтарды көрсетіп кеткенін белгілеген жөн.

1 жас – 1 жас 6 ай  - тілді түсінуді дамыту: Заттардың атын, тіршілік иелерінің қимыл-әрекетін (ұйықтайды, тамақ жейді, ән айтады, тыңдайды және т.б.), сонымен қатар балаларға таныс заттардың белгілерін білдіретін (үлкен, кіші, қызыл және т.б.) сөздермен балалардың сөздік қорын молайту. Балалар өзінің, жақын туыстарының аты-жөнін, киім, жиһаз, ыдыс-аяқтардың, кейбір көлік құралдарының, бірнеше жануарлар мен өсімдіктердің атауларын білуі тиіс. Өзінің (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ) және ойыншық-жануарлардың дене мүшелерін ажыратып, атай білуін қалыптастыру. Балалардың күнделікті орындайтын (ұйықтауға жат, отыр - қазір киініп, серуенге шығамыз және т.б.), сонымен қатар сабақтар мен ойын процесстеріндегі (домалат, шеш, ки, аш, жап, т.б.) іс-әрекеттерін білдіретін сөздермен сөздік қорын молайту.                             Тәрбиеші өз қимыл-әрекеттерін, ойыншықтарды балаға көрсете отырып, қарапайым тіркестердің және фразалардың мағынасын түсінуге балаларды үйретеді. Баланы жай сөйлеммен білдірілген өтініштерді түсініп, орындауға үйрету («Айжанға қуыршақты берші. Шыныаяқ әкеліп берші»). Тұрмыстық және қызықты жағдайларды суреттейтін, 1-3 көріністен тұратын ойыншықтармен, қуыршақтармен шағын қойылымдардың қарапайым сюжеттерін балаларға түсіндіре білу. Тұтас сөйлем мағынасын көрнекіліктермен, іс-әрекеттермен толықтыра отырып, түсінуге үйрету. Бейнеленіп отырған оқиға барысын қадағалай білуді дамыту. Сахналауда көлік түрлерін (машина, арба), тұрмыста жиі қолданылатын ыдыс-аяқ, жиһаз, киімдерді қолдану, 2-3 ойыншық заттарды көрсетіп, атын атау.                                                                                                                    Баланың (1 жас 6 айға қарай) тілдерді түсінуіне, көрсетіліммен бекітілмеген алғышарт жасау. Ересектердің өтінішімен заттарды таба білуге, тақырыптық суреттегі бейнелерді, 1 жас 3 айдан кейін заттың қимылын көрсететін суреттерді танып-білуге үйрету. Айтарлықтай белгілері бойынша заттарды іріктеуге, тапсырмаларды түсініп орындауға үйрету (тілдерді түсінуін жалпылау). Белсенді сөйлеуді дамыту:

Балалардың ересектермен тілдік қатынасын дамыту. Қажетті ақпаратты түрлі жолдармен жеткізуге үйрету: ым, қимыл, вокал, былдыр сөздер және т.б. Баланы қарым-қатынас жасауда ым-ишараны қолданудан сөз бен буындарды қолдануға көшуге ынталандыру. Балаларды (1 жас 2 ай - 1 жас 4 ай) былдырды белсенді қолданып, былдыр сөздерді айта білуге ынталандыру. Жиі еститін дыбыстар мен сөздерге еліктеуді жетілдіру, таңдану, қуаныш, наразылық, өкіну және т.б. дауыс сазын білдіретін дыбыстар мен сөздерді айту. Сөздік қорды туыс адамдардың атауын (ата, әже, әке, ана, тәте, т.б.), таныс заттар мен ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық, қуыршақ және т.б.), кейбір тағам түрлерін (ботқа, сүт), қимылдарды (ал, тұр, жібер, т.б.) білдіретін сөздермен толықтыру. 1 жас 6 айға қарай таныс заттарды (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ) түсіне, өлшеміне, пішініне қарамастан тауып, атай білуге үйрету. Ересектердің сөздерін тыңдауға, «Бұл не?», «Не істеді?» сұрақтарына жауап беруге, сұрақ қоя білуге, жеңіл тапсырмаларды орындай білуге, болмайды, рұқсат сөздерін түсініп, дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.                                   Балалардың ынталық және жауап беру тілін дамыту. 1 жас 6 айға қарай екі сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге ынталандыру.                                                         1 жас 6 ай - 2 жас: тілді түсінуін дамыту                                                                    Пассив сөздік қорларын төменде берілген сөздер есебінен кеңейту:                                    - бөлмедегі және даладағы заттар (бақшада, аулада, көшеде);

- кейбір жануарлар (мысық, ит, әтеш, тауық, т.б.), олардың қимылдары;

- ойыншықтар (көжек, қонжық, балықтар, құстар);

- заттардың белгілері (үлкен, кіші, қызыл, көк, сары, жасыл), заттардың күйі (таза, кір), заттардың орны (мұнда, ана жерде);

- уақыт (қазір, содан кейін) және сандық (біреу, көп) қарым-қатынастар;

- ниет білдірумен байланысты (су ішкісі, тамақ жегісі, ұйқысы келеді) іс-әрекеттер;

- дене күйі (суық, ыстық, дымқыл және т.б.), көмек, жанашырлық сезімі («Көжек ауырып қалды, емдеу керек» және т.б.);

- жасы мен жынысына сәйкес айналасындағы адамдар (қыз, ұл, тәте, көке, ата, әже).

Тұрғын үй бөлмелерінің атауын (ауыз үй, ұйықтайтын бөлме, дәретхана және т.б.) және олардың неге арналғаны мен бұл бөлмелерде еркін бағдарлай білуге үйрету.

Балаларға таныс заттарды аты мен түстері бойынша топтастыру (тәрбиешінің көмегімен) іскерліктерін бекіту.

Күрделі таңдау жағдайында сөздік нұсқаулардың көмегімен ойыншық-заттарды іріктеу: пішіні ұқсас (мысалы, текше мен кірпіш, доп пен шар, машина мен арба және т.б.), сонымен қатар, айтылуы ұқсас (мысалы, шыныаяқ пен шәйнек, үстел мен орындық, бас киім мен мойын орамал және т.б.) таба білуге үйрету. 

Балаларды ересектердің айтқанын мұқият тыңдауға, топта мінез-құлық мәдениетінің ережелерін сақтау (болады, болмайды, керек), басқа балалармен қарым-қатынастар (кедергі жасама, көмектес, әрі отыр, ойыншықты бер және т.б.) бойынша нұсқауларды орындауға үйрету. Екі-үш әрекеттен тұратын жеңіл тапсырмаларды есте сақтап, орындауға үйрету (мысалы, сөредегі қонжықты алып, маған кел). Қосымшалары бар сөйлемдерді түсінуге үйрету (Шыныаяқ үстелде тұр. Шыныаяқта сүт бар. Шарды шелекке сал, текшені сөреге қой).

Балаларды (1 жас 7 айдан бастап 1 жас 9 айға дейін) таныс іс-әрекеттерді бейнелейтін қуыршақтармен және сюжетті ойыншықтармен жағдаяттар ұйымдастыру арқылы (мысық доппен ойнауда, әтеш су ішіп жатыр т.б.), кейіннен (1 жас 10 айдан бастап 2 жасқа дейін) баланың жеке тәжірибесінен (іс-әрекеттер мен суреттерді көрсетпей) (мерекелер, серуендерде бақылаған балапандар туралы) қарапайым мазмұнды әңгімені түсінуге үйрету.

Баламен қарым-қатынас жасауда сергек, көңілді күй құру, ересектермен әңгімелесу ниетін қолдау, олардың айтқандарын орындау, сөздері мен істеріне еліктеу үшін тақпақтар, шумақты өлеңдер қолдану. 

Белсенді сөйлеуді дамыту

Ересектердің сөйлеген сөздеріне еліктеу арқылы жеке сөздер мен тіркестерді жаңғырта білуді, ән, өлең, тақпақтарды тыңдай отырып, жекелеген сөздерді дауыстап және әндетіп айту. 

Сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету, заттар мен іс-әрекеттерді білдіретін жаңа сөздерді енгізу, былдыр сөздер мен дыбыстарға еліктеуді біртіндеп тілдік формамен ауыстыру, пассив сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету. 

Қоршаған ортамен қарым-қатынасты реттеуге және тілектерін білдіруге қажетті сөздерді (алғым келеді, берші, жібер, ары жылжы), кейбір еңбек әрекеттерін (сыпыру, жуу, үтіктеу және т.б.) дұрыс атай білуді қалыптастыру.

Балаларды кейбір есім сөздерді (мен, біз, сен, маған), үстеуді (онда, сонда), сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) және қосымшаларды дұрыс қолдануға үйрету. Зат есімнің көпше түрін, септікті, етістіктің бұйрық райын, етістіктің өткен шағын осы және келер шақтармен бірге қолдануды қалыптастыру.

Жыл аяғына қарай баланың белсенді сөздік қоры 300 сөзге дейін жетеді. 

Заттарды ерекше белгілеріне қарай жалпылап қана қоймай, оларды атай білуді (қуыршақтар, доптар, машиналар және т.б.) үйрету. 

Ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сөйлемдерді дұрыс құруды үйрету.

1 жас 6 айдан бастап 1 жас 9 айға дейін заттар мен әрекеттерді жеке сөздермен және екі сөзден тұратын сөйлемдермен айтуға ынталандыру. 1 жас 10 айдан бастап сын есімдер мен үстеулерді қолданып 3-4 сөзден құралған сөйлемдерді айта білуге үйрету. 

Тілді қоршаған ортамен қарым-қатынас құралы ретінде дамыту. Диалогты тілді дамытуға әсер ететін қарым-қатынас жағдаяттарын құру, баланы түрлі себептермен ересектерге және балаларға өтінішін білдіруге ынталандыру, сұрақтар қоя білу, өз тілектерін, өтініштерін білдіре алуға, көрген-білгені жайлы бірнеше сөзбен айта білуін қалыптастыру. Айналасындағы адамдардың сөзін мұқият тыңдау қабілеттерін дамыту, сөз түріндегі талаптарын орындау. 

Таныс заттар жөнінде қойылған сұрақтарға сөзбен немесе сөз тіркесімен жауап бере білуге үйрету («Бұл не?» - «Бұл қуыршақ»; «Арбада не бар?» - «Қуыршақ»; «Көрпе неге керек?» - «Қуыршаққа»; «Әнуар енді не істейді?» - «Ұйықтайды (серуендейді, тамақ жейді, ойнайды)»).

Өз өтінішін сөзбен және қысқа сөйлеммен білдіруге, тапсырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізе білуге (шақыру, көмегін ұсыну, тәрбиешіге беру үшін баланың күтушіден керек затты сұрауы және т.б.) үйрету. 

Сөйлеу тілінің дұрыс үлгісін бере отырып, балалардың ана тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес сөйлем құруын бақылау, дыбыстарды дұрыс айтуға мүмкіндік туғызу. Дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын анық айта білуге үйретуді жалғастыру. 



2.3 Ерте жастағы балалардың (2-3 жас аралығы)  тілін дамытуда ойындарды пайдалану ерекшеліктері:


Ұлы Абай атамыздың ойын ойнап ән салмай өсер бала болама деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Балабақша балаларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров.
          Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж. Ж.Руссо мен И. Т. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К. Д. Ушинский мен П. Ф. Лесгафт тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы С. П. Шацкий, В. А. Сухомлинский, Н. К. Крупская өз пікірлерін білдірген.

Ойындарды мектепке дейінгі ерте жастағы балаларының оку - іс-әрекеттерінде белгілі бір жүйемен пайдалану ерекшеліктері. Ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс - әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. Ойындардың жіктемесі балалардың жас ерекшеліктеріне, ойын сипатына, дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға, ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады. Ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

-сюжетті-рольді;

-драматизациялық;

-дидактикалық;  

-құрылыс ойындары;

-қимылды ойындар; 

-ұлттық ойындар;

-имитациялық (еліктеу) ойындары болып бөлінеді.

Педагогикалык үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде Қазақстандық ғалым Назила Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкттивті түрде күнделікті негізгі іс әрекет және өмірі деп дәлелденген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік тәрбиелік мақсатқа пайдалану болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.

Сөйтіп біз ерте жастағы (2-3 жас аралығы) балалардың тілін дамытуға осы соңғы имитациялық (еліктеу) түрінің пайдасы көбірек екенін анықтадық.

Имитациялық (еліктеу) ойын-жаттығу түрлері:

Фольклорлық ойындар: саусақ ойындары, өлеңдер, өтірік өлеңдер;

Драматизациялық, сюжетті-рөлдік ойындар;

Диакикалық ойындар; 

Қимыл-қозғалысты ойындар;

Әуен-сазды ойындар;

Артикуляциялық ойын-жаттығулар;

     Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау деген сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.

 Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі балалардың белсенділігі  және олардың іс – әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма –жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп , ақыл – ойы өсіп жетіледі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.

Фольклорлық ойындар: саусақ ойындары, өлеңдер, өтірік өлеңдер:

Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең- тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын  ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы  заттар мен құбылыстарды, жан – жануарларды, құстар және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтардың қозғалыс – қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын  қайталап айта отырып есінде ақтайтын болады. Саусақ ойынын балабақшада жуне үй жағдайына әсерлі,көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі,әр қимылы көрсетіледі.Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі».Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың шымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді».Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады.Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойын да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.Балалар осындай саусақ ойынын отырып өлең шумағын қазаға айтады.

Мысалы: «Моншақ».

                              Қызыл сары,көк моншақ,

                              Мен жасаймын көп моншақ.

Мұнда қатар екі қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып моншақ тәрізді бейнелейді әрі оларды тізбектеп жасау-балалар үшін өте қызықты әрекет,қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын  болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруге дайындайды. Ұсақ моториканы  дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен тақпақпен ұйқастырылған  жаттығуларды пайдалану  ұсынылады.  Сонымен қтар өзімен – өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салу, өзі ағыту, бауын байлау т.б. ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың, яғни жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

Сондай ақ ерте жастағы балалардың тілін дамытуда фольклорлық ойындардың тағы бір түрі – «өлеңдердің» маңызы зор. Мысалы: 


 

«Орманның емшiсi» ойыны

Орманның бiз емшiсiмiз,
 Тоқ, тоқ, тоқ (үстелді үш рет ұрады).
 Құрт бiткендi жоқ етемiз,
 Жоқ, жоқ, жоқ (қимыл көрсетедi).
 Тоқ, тоқ, тоқ,
 Жоқ, жоқ, жоқ.


«Қошақан» өлеңі

Қошақаны қойдың,
 қайда қалып қойдың.
 Бұлтиып тұр бүйірің,
 қай өрісте тойдың.
 
 
 



«Торай» өлеңі 

Томпаң, томпаң торай
 дауысының зор-ай.
 Дөкей бола қаласың,
 толысымен он ай.
 
 «Лақ» өлеңі

Секең, секең ей, лақ,
 жүрмін саған кейіп-ақ,
 демалмасаң болмай ма,
 секеңдемей бір уақ.


«Торғай» өлеңі

Торғай, торғай - тоқылдақ,
 жерден тары шоқып ап.
 Бөтегесі бұлтиып,
 шиқ-щиқ етіп отырмақ.


 


Драматизациялық, сюжетті-рөлдік ойындар: сәбилік шақтағы балалар ойындарында кең жайылған рольдер болмаса да рольдері бар ойындардың біртіндеп қалыптасуына алғышарттардың барын байқауға болады. Ойында заттардың  баламасының пайда болуына байланысты балалар белгілі бір кісінің (мамасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, дәрігердің, шаштараздың) іс-әрекеттерін бейнелей бастайды.

Рольдік ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді.

          Рольдік ойындар белгілі бір мақсатта,тілді меңгеруге ынтызарлықты оята отырып орындаушылық қабілетке де жетектейді.Рольдік ойынның мәні ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда.Қажетті сөздерді үйренсем,тауып айтсам деген ойды да туғызады.Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық ерекше маңызға ие болады. Рольдік ойындар ғана үйренушінің сөздік қорын молайта түсіп,өз бетінше тілді үйренуге үлкен септігін тигізеді. 

Мысалы: «Аулада» ойыны

Мақсаты: Тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілеттілігін дамыту.

Қажетті құралдар: Ойыншық қораз, тауық, қаз, торғай.

Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп оқиды және сәйкес суреттерді көрсетеді.

Ақ тауық ау ақ тауық

Ақ тауық неден қақсауық

Ертемен қыт - қыттайды

Ауламыздан шықпайды.

Балпаң басқан үйрегім

Бұлтыңдайды бүйрегің

Жалпақ тұмсық жем іздеп

Қырқылдайсың,қоймайсың

Тамаққа бір тоймайсың.

Торғай – торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесі томпайып,

«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.

Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті – қолын жуады.

Мяу – мяу, мяу – мяу.


«Ән – жыр» ойыны

Мақсаты: Дыбысты дұрыс айтуды бекіту. Тілдік естуді және тілдік белсенділігін, еліктеу бойынша дыбыс тіркесін және дыбыстарды айта білуін дамыту.

Қажетті құралдар: Бұзау, лақ, қозы, бота.

Ойын барысы: Тәрбиеші өлеңді оқып ойыншық кейіпкерлерді көрсетеді. Өлең ішіндегі еліктеу сөздерді балаларға қайталатып үйретеді.

Әнші төлдер

Жайылымнан кешкілік

Жамырады бес түлік.

Төңірекке тараған

Төлдер әнін естідік.

«Мә-мә» деген әні бар,

Секірер ор, жары бар.

Селтеңдеген лағым

Секіргіш бір жануар.

«Мәә-мәә» деген әні бар,

Жібек тоны - сәні бар.

Қошақаным момақан,

Сүйкімді бір жануар.

«Бөө-бөө» деген әні бар,

Енесін тез сағынар.

Жібек жүнді ботақан,

Мөлдір көзді жануар.

«Мөө-мөө» деген әні бар,

Үй маңынан табылар.

Ойқастаған бұзауым,

Ойнақтағыш жануар.

«Күмбірлеген» әні бар,

Желкілдеген жалы бар,

Желдей өсіп құлыншақ,

Желмен шапқан жануар.

Әдібай Табылдиев

Өлең соңында балалардан қай жануар қалай дыбыстайтынын сұрап, пысықтау.

Дидактикалық ойындар: педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет. (1) Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған. Бала ерте жастан – ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым – қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет – сапалары туралы мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады. Біз келесі дидактикалық ойындарды қолдануымызға болады:

«Қызықты төртбұрыштар» ойыны
 Дидактикалық тапсырма
: төртбұрыш туралы баланың түсінігі, олардың өлшемі бойынша кезектеп қоюға үйрету, есте сақтау, назар аудару қабілеттерін арттыру.
 Материал: суреттер салынған төрт төртбұрыш, төрт үлкен конверт және бірдей түске боялған төрт кішкентай төртбұрыш. Сурет үлгісі.
 Басшылық: Тәрбиеші: Қараңдар, бізге қонаққа қызықты төртбұрыштар келді. Бізге күледі. Олар қанша? Көппе? Төртбұрыштарды саусақпен санаңдар.Қызықты төртбұрыштар сендерге іштеріне кішкентай төртбұрыштар салынған конверттер алып келіпті( конверттерден төртбұрыштарды алып шығады). Олар қалай аталады?(Төртбұрыштар). Тәрбиеші үлкен төртбұрышты көрсетеді. Бұл қандай квадрат?( Үлкен). Ал мынау?(Кішкентай). Мына мүсіндерден қандай әдемі суреттер салуға болатындығын қараңдаршы. Саусағымен ең бірінші тұрған үлкен төртбұрышты көрсетеді, кейіннен келесі тұрған кішкентай төртбұрышты көрсетеді. Енді бәріміз бірге суреттің қандай мүсіндерден тұратындығын қайталаймыз.( Үлкен, кішкентай, үлкен...). мен сендерге сурет салынған қағаздарды ұсынамын, және сендер мүсіндерді солдан оңға бірде- біреуін өткізбей қоясыңдар. Жарайсыңдар, қандай әдемі суреттер салғансыңдар.

«Шарлар» ойыны
 Дидактикалық міндеті: 

 Балаларда түс туралы түсінік қалыптастыруда жағдай жасау. Заттардың әртекті түстің арақатынастарын белгілеуге үйрету. Жаттығулар балалардың бастапқы жеті спектрлар түстімен танысуларына бағытталған.
 Қажетті материалдар: 30х12см өлшеміндегі жеті спектр түс жіпшелері салынған картон жолақшасы. Жеті әр түрлі түсті картон дөңгелектер- шарлар, олардың түстері жіпшелердегі түстермен сәйкес келеді.
 Ойынға басшылық : Тәрбиеші балаларға әртүрлі түсті жіпшелер салынған картон жолақшасын көрсетеді. Шарларды көрсете отырып, бүгін шарлармен ойнайтындарын ескертеді. «Қазір әр қайсымыздың алдымызда картон жолақшалар жатыр. Мұқият қарап , одан не көріп отырғандарыңды айтыңдаршы. Иә, әр түсті жіпшелер. Енді шарларымызға қарайық, олардағы жіпшелер сияқты әр түрлі түсті екен. Әрбір шарға картонда өз жіпшелері бар. Әр жіпшеге өзіне түстес шарды таңдап алып байлап қоямыз. Қызыл жіпшеге қызыл шарды, сары жіпке сары шарды, көк жіпке көк шарды, сөйтіп барлық жіпшелерге өз шарларын байлаймыз. Міне, оны былай жасаймыз» деп өзі көрсетіп, олардың дұрыс орналасқандығын айтады. Содан кейін дұрыс байланбаған шарларды көрсетеді: жасыл жіпке сары шарды, қызыл жіпке тоқ сары шарды, көгілдір жіпке күлгін шарды байлап көрсетіп олардың қате байланғандығын айтады.
 Содан кейін балалар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды. Шарларды таңдауда қиналған балалардың қасына келіп, тәрбиеші алдымен екі жұп шарды байлап көрсетеді де, қалған шарларды баланың өзінің байлауын талап етеді.

Қимыл-қозғалысты ойындар. Балалардың қозғалу белсенділігін арттыру үшін топ ішінің әр бұрышында әр түрлі материалдан жасалған ойыншықтар орналасқан. Балалар жұмсақ сырғымадан сырғанауды, әр-түрлі көлемдегі доптармен ойнауды, баспалдақтарға мініп, одан түсуді, гимнастика жасауды, тастармен ойнағанды, суарғанды, арам шөп жұлғанды, ойыншықтарды сүйрегенді жақсы көреді. Балалар бір заттың үстіне отырып жүргенді, сырғанағанды, музыкамен билегенді, қол және аяқ координациясын сақтауды да жақсы көреді.

Мысалы: Жолмен (жалғыз аяқ жолмен).
 Тәрбиеші өзіне балаларды шақырады да суретті көрсетіп, жолдың қандай түзу екеніне назар аударады (аралығы 20-30см екі қатар сызық). Бұдан кейін балаларға, сызықтан шықпастан, осы жол бойымен қыдыруды ұсынады. Балалар бірінің артынан бірі бір бағытпен жүреді де сол тәртіппен қайта қайтады.
 Бұл ойынды учаскеде өткізген жақсы. Балалардың бір-бірімен соқтықпасы үшін, ойынға бір мезгілде 5-6 адам қатыстырылады.
 Күзде учаскедегі жолды ағашқа қарай бағыттап, балаларға сол жолмен жүріп отырып 2-3 жапырақ әкеліңдер деп ұсынған жақсы болады. Бұл тапсырма ойынды жандандыра түседі. Ойын үйдің ішінде өткізілгенде, жолдың аяқталар жеріне жалаулар немесе басқа ойыншықтар қою керек, балалар оларды алып келеді.
 Кішкене өзен арқылы.
 Тәрбиеші екі сызық сызады да (үйдің ішінде жіпті пайдалануға болады) балаларға: мынау – «өзен», - дейді; оның үстіне тақтайдан көпір (ұзындығы 2-3м, ені 25-30см) салады да балаларға: «Көпір арқылы жүруді үйренейік», - деп ұсынады. Балалардың бір-біріне соқтығыспай тек тақтайдың үстімен ғана жүруін бақылай отырып, тәрбиеші балаларға суға құлап кетпеуі үшін жай жүру керек деп ескертеді: балалар тақтаймен ары-бері 2-3 рет жүріп өтеді.
 Поезд.
 Тәрбиеші «Поезд» ойынын ойнауды ұсынады: «Мен паровоз боламын, ал сендер кішкентай вагонсыңдар». Балалар бірінің соңынан бірі алдында тұрғанның киімін ұстап колоннаға тұрады. «Кеттік», - дейді тәрбиеші, балалардың бәрі «шу-шу» деп дабырлап, оның артынан жүре бастайды. Тәрбиеші поезды бір бағытта, одан кейін екінші бағытта жүргізеді, одан кейін жүруді баяулатады, ақырында тоқтайды да: «Кідіріс» («Аялдама»), деп хабарлайды. Біраз уақыттан кейін тағы да гудок беріледі де поезд қайтадан жолға аттанады.
 
Әуен-сазды ойындар. Сөйлеу қабілетін дамыту үшін әр-түрлі дауыс шығаратын ойыншықтар алу керек немесе мультфильмдерде айтылатын әндерді салу керек. Сөйлеу қабілетін дамыту үшінкелесідей ойындарды ойнауға болады: 

Біздің саяхат

Ойын шарты:Балалар шеңберде отырады, ән – күй жетекшісі балаларға саяхатқа баратындарын айтады.Бізге музыкалық балға көмектеседіКөз алдарыңа елестетіп, қимыл қозғалыстарды орындаймыз

1.  Баспалдақтан баяу, асықпай түсеміз;

2.  Далаға шықтық күннің көзіне қуанып жүгірдік;

3.  Айгерім допты алып жерге соға бастады;

4.  Балалар тез секірді;

Бірақ күн күркіреп жаңбыр жауа бастады, алдымен ақырын, сосын қатты жауды.Балалар қорқып тез-тез балабақшаға оралды.(осы қимылдардыңбарлығын ән-күй жетекшісі музыкалық балғамен ойнайды.

«Сылдырмақтар» М.Раухвергер

Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады,сылдырмақты оң қолдарында ұстайды.Қоян – шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлығы сылдырмақта ойнайды,екі аяқпен секіреді.Музыка аяқталуымен балалар сылдырмақтарын тығады,қоян сылдырмақтарды іздейді.Ойын осылай жалғасады.Келесі жолы қонаққа қуыршақ келеді, ол балаларға орамал таратып, ойнауға ұсынады.

«Көңілді жасырынбақ» В.Петрова

Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады, қолдарында орамал.Қуыршақ шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлық балалар қуыршақпен би билейді.Музыка аяқталғаннан соң балалар орамалдың артына тығылады, ал қуыршақ балаларды іздейді.Келесіде үйшіктен петрушка шығып балаларды биге үйретіп, өзі де бірге билейді.

Артикуляциялық ойын-жаттығулардың мақсаты - дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру, фонематикалық есту қабілетін жетілдіру, дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемдерде айжырата білуге үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту, қол мен саусақ бұлшық ет қимылдарының ұсақ моторикасын дамыту. 

Мысалы: «Ақшақар» ойыны.

Мақсаты: Сөйлеу тынысын дамыту, бірқалыпты және ұзақ дем шығара білуді (ауаны ауызға толтырмай) қалыптастыру.

Қажетті құралдар: Мақтаның бірнеше бос түйіршіктері.

Ойын барысы: Тәрбиеші мақтаның бөлігін көрсетіп, айтады «Далада қар жауып тұр. Келіңдер, топта қар жаудырамыз» Содан соң баланың алақанына «ақшақарды» салады және қалай үрлеу керек екенін көрсетеді. Сосын бала үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.

Ақша қар, Ақша қар

Аппақ болып қонасың.

Тоса қалсам қолымды,

Алақаныма қонасың.


Жапырақтар

Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету.

Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған сары және қызыл жапырақтар.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаға күзде ағаштардың жапырақтары түсетінін түсіндіреді. Бұл құбылыс жапырақтардың түсуі деп аталады. Жапырақтардың түсуін үйде ұйымдастыруды түсіндіреді. Бала жапырақтар ұшатындай, оларға үрлейді. Жаттығу 2-3 рет орындалады.

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив