Ата-аналарға «Мектеп жасына дейінгі балалардың процестерін дамытуда ойын - жаттығулардың маңызы» » КГУ "Специальный (коррекционный) ясли сад №123 для детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата и зрения"
Алматы қаласы білім басқармасының
"№123 арнайы балабақша"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 251-21-37
әдіскер:
+7(727) 251-27-27
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналарға «Мектеп жасына дейінгі балалардың процестерін дамытуда ойын - жаттығулардың маңызы»
11
декабрь
2019

Ата-аналарға «Мектеп жасына дейінгі балалардың процестерін дамытуда ойын - жаттығулардың маңызы»

«Мектеп жасына дейінгі балалардың процестерін дамытуда ойын - жаттығулардың маңызы»


                                                                                         
                                                                                                                          Қазақ тілі оқытушысы:Смайлова.Б.Ж
 
            Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың процестерін дамытуда ойын - жаттығулардың маңызы. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласының даму кезеңінде балалардың танымдық белсенділігін дамыту, өмір салтын қалыптастыратын тәлім - тәрбие беру мектепке дейінгі мекеменің басты мақсаты екендігі барлығымызға аян.
      Балалық шақ бұл ойын үшін жаратылған уақыт дер едім. Тәрбие жұмыстарын қарапайым жолмен баланың қалауына қарай жеке басының жетілуіне көңіл - күйінің толғаныстарына сүйеніп жүргізгенде ғана іс жүзеге аспақ. Әрбір танымдық ойын - жаттығуларды жүргізе білу балалардың түйсігіне жеткізе білу педагогтың шығармашылығына байланысты. Әр оқу қызмет эмоциямен ұштасқанда ғана нәтижелі болады. А. М. Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» - десе, Л. С. Выготский, Д. Б. Элконин сияқты белгілі психолог ғалымдар «Ойын - балалардың өзіндік өмірі» деген ортақ тұжырымдар жасады. Ал біздің халық  даналығы: «Ойлы бала ойыннан белгілі» - дейді.
       Бала ойын ойнап ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шынығып, танымы қалыптасады. Балабақшада балалардың қызығушылығын, ой - өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру үшін танымдық ойындар мен дамыту жаттығуларының маңызы зор.
      Бала оқу қызметінің  бірнәрсені қабылдайды, не есіне түсіреді, ойлайды, қиялдайды. Сондай – ақ, баланың психикалық дамуына, яғни не нәрсені болмасын жақсы түсініп, есте сақтай алуына, тілінің дамуына жағдай туғызады. Ал осы психикалық процестермен бірлесіп келетін сананың ерекше сипаты – зейін. Зейінсіз жүргізілген оқу қызметі өзінің мақсатына да жете алмайды. Сондықтан, балаларды зейіннің түрлі қасиеттерін, көлемін, тұрақтылығын, бөлінуін дамыту жаттығулары арқылы қалыптастыруға болады. Өзімнің іс - тәжірибемде пайдаланып жүрген танымдық ойындардың бірнеше түрін атап айта кетсем, мыс: «Не артық?», «Бесінші артық», «Айырмашылығын тап», «Түсіне қарай ажырат», «Заттарды тап»т. б.
 
 Ойын: «Не артық?»
 Нұсқау: Әр топтағы артық нәрсені табыңдар және оны сызықтармен қоршаңдар.
 
 Ойын: «Бесінші артық»
 Нұсқау: Бесінші артық затты тауып, сызып тастаңдар.
 
 Ойын: «Айырмашылығын тап»
 Нұсқау: Мына екі қуыршақты мұқият қарап, айырмашылығын тап.
 
 Ойын: «Түсіне қарай ажырат»
 Нұсқау: Түсі бірдей заттарды сызықпен қос.
 
     Көптеген дамыту ойындары жүргізілген соң баланың зейініне диагностика жүргізу арқылы деңгейін анықтауға болады. Балаларда қабылдаудың дамуы түйсік ойлау үрдісінің дамуымен бірге жүріп отырады. Қабылдаудың дамуында тілдің шығуының маңызы зор, яғни қалай аталатындығы арқылы мағынасын ұғынады.
 Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы олардың қимыл әрекетіне байланысты және эмоциялық бояуларға зер салғыш келеді. Педагог баланың белсенді қабылдауын дамытуда жаттығулар арқылы байқағыштық қасиетіне тәрбиелейді. Мысалы: «Заттарды тап» жаттығуы балалардың көріп - қабылдауын дамытады.
 
     Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар:

                                                                                Гүл

     Балалар әр жерде отырады. Педагог: балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан - жаққа жайқалады (қолдарын жан - жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып, бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).
 
                                                                 Әр түсті заттар


     Педагог балаларға белгілі бір түсті атайды. Балалар сол түске сәйкес заттың атын атап беруге тиісті. Шеңбердегі отырған балалар кезекпен жауап беріп отырады. Мысалы: қызыл алма, сары балапан т. с. с.
 
Есте сақтауға арналған жаттығулар.
                                                       Сиқырлы саусақтар.
 
1. Таң қалу (екі қолдың бас бармағын көтеру)
 2. Өзіңді көрсету (бір саусақпен)
 3. Сәлемдесу (қолды жоғары көтеру)
 4. Қорқыту (сұқ саусақпен)
 5. Жеңіс (екі қолды жоғары көтеру)
                                               Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар.
                                                                           Шапалақ
 
      Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Педагог 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.
 
Қанша дыбыс естідіңдер?
        Педагог бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады. Ал балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.
                                                        Ойлауды дамытуға арналған жаттығулар.
                                                                 Болған жағдайды бағалау.
        Балаға белгілі бір суреттегі жағдайды көрсетіп, мазмұнын әңгімелеуге тапсырма береміз. Балалармен сол жағдайдың қойылымын көрсетуін сұраймыз. Осы жағдай туралы баланың пікірін сұрап, дәлелдеп беруге үйретеміз. Іс - әрекеттің дұрыс - бұрыстығына өз ойын айту.
                                                              Қиялды дамытатын жаттығулар.
                                                                          Менің көңіл - күйім.
 
        Суреттегі әртүрлі көңіл - күйдегі баланың бет - бейнесінің арасынан біреуін таңдап ал. Сол суретке сәйкес мысал келтіріп, әңгімелеп беру керек.
 Не істер еді?
          Педагог балалармен ертегі мазмұны бойынша және күнделікті кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы әңгімелеседі. Әңгіме барысында кездескен қиындықтармен кездейсоқ жағдайлардан шығудың жолдарын өздері ойлап табады.

        Мысалы: Мақта қызға ағаш жапырақ бермесе не істер едің?.

- Бауырсақты түлкі жеп қоймаса не істер едің?

- Алдар көсе байды алдай алмаса не істер едің? 

-Сен орманға барғанда адасып қалсаң не істер едің?
          Баланың білім - білік дағдылары күнделікті оқу қызметінде танымдық ойын - жаттығулар арқылы қалыптасып, ойнай отырып ойлауға бағытталады. Жаттығуларды педагог өзінің шығармашылық ізденісімен толықтырып, баланың жас ерекшелігіне және қабілетіне сәйкес түрлендіріп отыруына болады. Қорыта келе, балабақшада танымдық ойын - жаттығуларды пайдаланудың маңызы зор. Ойын - жаттығу жас бүлдіршіндердің білімге деген ықыласын арттырып, танымдық белсенділігін дамытады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив