"Балабақшада ойын арқылы мемлекеттік тілді меңгерту жолдары туралы кеңес."
Балабақшада ойын арқылы мемлекеттік тілді меңгерту
жолдары туралы кеңес.
21 ғасыр - білімділер ғасыры. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру - мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында берілетінін ескерсек, баланың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін осы бастан дүрыс қалыптастыру басты мақсат болып саналады.
Мектеп жасына дейінгі өзге ұлтты балаларға мемлекеттік тіл - қазақ тілі туралы бірінші түсінік қалыптастыруда ойынның алар орны ерекше. Ойынкезінде кез келген бала өзін еркін әрі ашық ұстайтыны белгілі, ендеше мемлекеттік тілді меңгертуде бұл тәсіл - таптырмас құрал деп санаймын.
Ойын - бұл психология және философия сияқты білім беру салаларында егжей-тегжейлі қаралатын феноменді адами оқиға. Ойын технологиясы балаларды оқу жұмысымен қызықтыруға, әртүрлі қарым-қатынас режимдерін, жұппен және топпен жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі. Ойын технологиялары қазақ тілін оқыту әдістемесінде белсенді оқыту нысанына жатады.
Ойын технологиялары шығармашылық-іздестіру деңгейіндегі балалардыц жүмыстарын ғана емес, қазақ тілін зерттеу бойынша күнделікті қадамдарды қызықты етуге ықпал ететін, бірегей оқыту нысандарының бірі болып табылады. Ойынның шартты әлемінің қызықтылығы есте сақтау, қайталау, бекіту немесе ақпаратты меңгерудің жақсы бейнеленген бір қалыпты қызметінің эмоционалды болымды жағын көрсетеді, ал ойын әрекетінің эмоционалдылығы баланың барлық психикалық процестері мен қызметін қарқындатады. Ол білімді жаңа жағдайда пайдалануға, яғни балалардыц меңгеретін материалдарын өзіндік тәжірибеден өткізуге, оқу процесінде әр түрлілікті және қызығушылықты тудыруға мүмкіндік беретін ойынның екінші жағымды жағы болып табылады.
Қазіргі заманда бала заманауи ақпаратты бойына сіңіргендіктен, ойынның маңыздылығы артуда. Барлық әлемде, Қазақстанда да пәндік-ақпараттық орта әлдеқайда кеңеюде. Сабақта және бос уақытта алған білімдерін практикада пайдалануға мүмкіндік беретін дидактикалық ойын оқыту нысанының бір түрі болып табылады.Ойын - бүл бала үшін табиғи және оқытудың ізгілікті нысаны. Олай дейтінім, бала ойын кезінде өзін емін-еркін ұстап, берілген жаңа ақпаратты мейілінше тез ұғып, санасына тоқиды. Балаларға қазақ тілін ойын арқылы меңгерте отыра, бізге, ересектерге оқу материалын беру қолайлы болатындай емес, балаларға ыңғайлы болатындай және оны табиғи түрде алатындай оқытуымыз керек. Өйткені басты мақсат - болашағымыз саналатын өскелең үрпаққа тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті бойына аса үлкен жауапкершілікпен дарыту.
Қазақ тілін оқып үйрену кезінде лексикалық тақырыптар бойынша мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеуді дамыту басты проблема болып табылады.Қазақ тілінің баланың тілін, танымдылығы мен коммуникативтік қабілеттілігін дамытуға оң эсер ететін, баланың тілді, сөйлеуді жақсы меңгеруге көмектесетінін күнделікті оқу іс-эрекеті кезінде көруге болады. Мектеп жасына дейінгі балада логикалық ойлау, өзінің жолдастарымен өзара қарым-қатынас жасай білу қабілеті дамиды, ой-өрісі кеңейеді, тілге деген құрмет артады.
Заман талабына сай эр мүғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өтізеді. Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана сөздерді қайталау арқылы үйретпей, оларды ойындар арқылы үйреткен тиімді деп санаймын. Олай дейтінім, ойын ол балалардың тілді үйренуе деген қызығушылығын арттырып, сенімін оятады. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл эдістің тиімділігі - балалардың белсенділігін, пэнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында. Ойын ортасы ойын технологиясының ерекшелігін елеулі дэрежеде анықтайды: ойынды заттармен жэне заттарсыз, столға қоятын, бөлме, көше, белгілі бір жерде, компьютер жэне бірге жылжымалы эр түрлі қүралдармен танып біледі. Әлбетте, мектепке дейінгі тэжірибеде сабақты ойын нысанына қалай түрлендіруге болады? Мұнда нысандар көп, бірақ аталмыш шарттардың орындалуы міндетті:
сабақтың мақсаттарына ойынның сэйкестігі;
осы жастың балалары үшін қол жетімділік;
сабақта ойындарды орынды қолдану.
Одан басқа, тақырып шеңберінде төмендегідей оқу түрлерін ерекшелеуге болады:
сабақтағы рөлді ойындар (сахналау);
оқу үрдісінде ойын тапсырмаларын пайдаланумен ойын ұйымдастыру;
ойынды сабақтың белгілі кезеңінде қолдану (басында, ортасында, соңында жаңа материалмен танысу, білімдерін бекіту, дағдысын, іскерлігін, қайталау мен игергенді жүйелеу).
Балабақшада балаларға қазақ тілін меңгертуде мен өз тэжірибемде ойын элементтерін біртіндеп енгізуді дұрыс санаймын. Өйткені балалар ойын шарттарын барынша ұғынып ойнауы үшін ең алдымен оларға қолайлы орта қалыптастыру керек. Оқу қызметі кезінде сюжетті-рөлді ойындардың маңызы зор. Мэселен, «Қоянның туған күні» атты ашық ұйымдасқан оқу қызметі кезінде қоянның туған күніне «сыйлық» алу үшін «Дүкенде» сюжетті-рөлдік ойынын ойната отыра, біріншіден, балалардың өзара қазақ тілінде қарым-қатынас жасауына жағдай туғызсам, екіншіден, балалар қоғамдық орындарда өздерін қалай дұрыс ұстау керектігін, сыпайы болып, үлкендерді сыйлау керектігін ұғынды, үшіншіден жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиеленді. Сол сияқты аталмыш оқу қызметінде «Ойлан, тап!», «Кім тапқыр?», «Кімде не бар?» атты дидактикалық ойындарды орынды қолдандым. Балалар қазақ тілінде кез келген сұраққа толық әрі нақты жауап беруге тырысты. Сонымен қатар, «Қүстарға қонаққа барамыз» атты ашық ұйымдасқан оқу қызметі кезінде «Қай құс қалай дыбыстайды?» атты дидактикалық ойын кезінде балалар үй құстарының аттарымен қоса, олардың қалай дыбыстайтындығын білді және ойнай отыра өз білімдерін толықтырды. Балалардан жай сүраққа жауап алудан гөрі, ойната отыра тілдерін дамытқан әлдеқайда оң нәтижелі болады. Сондай-ақ, біз балабақшада балалармен әртүрлі ертегілері сахналап, рөлдерге ене отыра, қазақша қарым- қатынас тілімізді дамытуға мүмкіндік туғызамыз. «Шалқан» орыс халық ертегісі, «Мақта қыз бен мысық», «Бауырсақ» ертегілерін балалар сахналаған кезде олардың осы ертегі кейіпкерлерінің сөздерін жаттап алып, аса үлкен жауапкершіліпен ойнап шыққандары тілге деген қызығушылықтарын аңғартқандай болды.
Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді:
Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту;
Балалардың тыңдау зейінін қалыптастырып, сөздерді дүрыс айтуға дағдыландыру;
Балалардың сөздік қорларын молайтып, оны дүрыс қолдана білуге үйрету;
Жай грамматикалық құрылымдарды меңгерту;
Балалардың ойын дамыту, дүрыс айту, дүрыс білу дағдысын қалыптастыру.
Сөйлеуді дамыту балалық шақта ортақ психикалық дамудың ең маңызды аспектісі болып табылады. Сөйлеу қызметі баланың айналаны қоршаған адамдармен қарым-қатынасы барысында меңгеретін, тіл арқылы жүзеге асырылады. Осы орайда мектеп жасына дейінгі бала тілінің икемділігін ескерсек, қазақ тілін ойын арқылы меңгерту аса қиындық туғызбасы анық.
Қазақ тілінде өлеңдерді жаттау сөздердің байланысын, оның мәнерлілігін дамытуға ықпал етеді, баланың активті және пассивті сөздер қорын молайтады, өздігінен ауызша еске сақтауын дамытуға көмектеседі. Бала өзі жаттаған өлеңдерін ұдайы ойын барысында еске түсіріп отырса, бұл оның сөйлеу тіліне де оң ықпалын тигізбек. Here десеңіз, қабылданған ақпарат жаңғыртылып отырса, бала тілі анық, әрі толық сөздермен байи түседі.
Балабақшада оқыту мен тәрбие беру деңгейі педагогикалық үрдістің баланың жасы мен жеке дамуының психологиясына қаншалықты бағытталғандығымен елеулі дәрежеде анықталады. Бүл әсіресе, жаңа ғана адам мақсатқа сай оқуды бастағанда, оқу жетекші жұмыс қызметін атқарғанда, баланың психикалық қасиеттері мен сапасы, танымдылық үрдістері (танымдылық дәлелдер, өзін-өзі бағалау, ынтымақтастыққа қабілеттілік және т.б.) және ең алдымен таным субъектісі ретінде өзінде қарым-қатынас қалыптаса бастаған мектепке дейінгі жаста маңызды.
Осы орайда ойын технологиялары әзірлемелерінде өзектілік туындайды. Балалар ойын қолданылмаған кездегі материалдан, ойын қызметі процесінде игерілген материалдарды аз дәрежеде және баяу ұмытады. Бұдан, бұл мектеп жасына дейінгі балалар үшін оқу процесінде ойынға қатысудың арқасында білімді игеру анағұрлым сапалы және мықты болатын, таным процесін қол жетімді және қызықты етіп жасайтын қызығылықты табиғи байланыстырумен түсіндіріледі. Дидактикалық ойындар мен ұлттық ойындар қазақ тілін оқытуға бағытталған әдістемелік тәсілдерді қолданумен жаңа материалды зерделеудің барлық сатысында танымдылық қызметтің қарқындататынына көзіміз жетіп отыр. Балабақшадағы балалардың қазақ тілін меңгертуде қимылды ойындардың орны ерекше. Мәселен, «Ақ серек, көк серек», «Мысық пен тышқан», «Айгөлек- ау, айгөлек» атты қимылды ойындарды серуен кезінде ойнататуға болады, балалардың қимыл-қозғалыстарының дамуымен қоса, жаттанды фразалардың ұмытылмауына жол береді. Жалпы мүндай ойындар өте көп және мазмұндары мен бағыттары да бір-бірін қайталамайтындай сан алуан, әрі қызықты.
Сабаққа енгізу үшін ойынды таңдау немесе оны ойлап табуда келесі ережелерді қолдану керек. Ойынға кіріспес бүрын, төмендегі сүрақтарға жауап беріңіз: Ойыннның мақсаты не, онда бала неге үйренеді? Ол қандай сөйлеу әрекетін орындауы керек: әрекеттердің бірі сөзбен немесе сөз жасау - онда, атап айтқанда, қайсысы және қандай үлгі бойынша? Бала осындай пікір қүра ала ма? Осы сүрақтарға жауап бере отыра, өзіңіз балаға айналып көріңіз және осы үлгі бойынша пікір айту қандай қызықты жағдайда туындайды. Бала оны бірден түсінетіндей етіп балаға осы жағдайды қалай суреттеу керектігін ойлаған жөн.Ойындар балалардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды қүралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісіне ойын түрлерін үнемі пайдаланып отырғанды жөн санаймын.