Ата-аналарға арналған кеңес. Балабақшада инновациялық технологияларды пайдалану арқылы балалардың тіл үйренуге қабілетін арттыру
Балабақшада инновациялық технологияларды пайдалану арқылы балалардың тіл үйренуге қабілетін арттыру
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға Қазақстандық білім беру реформасын ең басты мақсаттарының бірі иновациялық технологияларға сүйене отырып, бүлдіршін бойына танымдық қасиетін қалыптастыру, шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Осындай күрделі мәселелерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше.
Заманымызға сай қазіргі қоғамда ақпараттандыруда тәрбиеші ұстаздардың біліктілігін ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану саласын көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазіргі заман талабына сай тәрбие мен таным саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді әрбір тәрбиеші меңгеріп қана қоймай оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.
Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Мысалы:
«Жұлдыз құрт» әдістемесі бойынша берілген құрылымды неше түрлі құбылысқа балайды. Әдістемені қолданып алуын түрлі жұмбақтар жасырады.
Жас шамасына қарай сәбилер тобында «Дидактикалық доп» әдістемесін пайдаланған өте қолайлы. Осы ойын негізінде, балалар антоним сөздерін тауып, айтуды үйренеді. Әр жас шамасындағы балалармен осы әдістемені пайдалану барысына мысал келтіреміз.
Мысалы : Тәрбиеші зат есімге сөз айтады (етістік, есімдік), ал бала осы сөзге қарама-қайшысын атайды.
Мысалға: ренжіш- қуаныш, ақ-қара, жылау-қуану.
Балабақшада ақпараттық технологияны пайдалану бала танымын жан-жақты дамытудың шешуші құралы.
Мыс: Мультимедиялық оқулықтарды балабақшада пайдаланар болсақ, оқу қызметін жоғарғы дәрежеде жүзеге асыруға болар еді.
Бұндай оқулықтар пайдалану алдымен балалардың қызығушылығын арттырып, оқу қызметіне деген танымын, белсенділігін арттыра түсер еді.
Мультимедиялық оқулықтар болса балабақша бүлдіршіндеріне арналған таптырмас құрал еді.
Ақпараттық-технологияларды пайдалану тәрбиеленушілердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырады, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай
жасайды.
Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерді шешуде, яғни жан-жақты көп мәдениетті, шығармашыл, әлеуметті бейімделген тұлға қалыптастыру үшін ұстаз өзі де шығармашыл тұлға болуы тиіс.
Келешек ұрпағымыздың жан-жақты, терең білімді, яғни интеллектаулды деңгейін жоғары болуына қойылатын
талап зор.Заман талабына сай жаңашыл тұлға тәрбиелеуде нәтижелі жұмыс жасау алға қойған басты мақсатымыз.