«Тұйық бала қайдан шығады?» ата-аналарға арналған баяндама. » КГУ "Специальный (коррекционный) ясли сад №123 для детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата и зрения"
Алматы қаласы білім басқармасының
"№123 арнайы балабақша"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 251-21-37
әдіскер:
+7(727) 251-27-27
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
декабрь
2019

«Тұйық бала қайдан шығады?» ата-аналарға арналған баяндама.

                               «Тұйық бала қайдан шығады?» ата-аналарға арналған баяндама.

      «Бала – ол әр ата-ананың баға жетпес байлығы» екені бәрімізге мәлім. Бала үшін барлығымыз бар жақсылықты жасауға тырысамыз, келешегін бүгінгі күннен ойлайтынымыз рас.Осы сәттен баламызға көңіл бөлемізбе, әлде тек жұмыстың соңында кетіп бара жатқан жоқпызба деген сұрақ мазаламай қоймайды. Соның салдарынан баламыз келешегіне зардабын тартпаса екен дейміз немесе жаман жақтарын көрсетпесе екен. Осындай себептердің бірі – баланың тұйық болып қалуы.Егер сіздің балаңыз онша сөйлемейтін және де балабақшада, үй маңындағы балалармен онша ойнамайтын болса, сонымен қатар тек жалғыздықты қалайтын болса, ондай баланы тұйық балалар қатарына жатқызуымызға болады.Тұйық болудың бірнеше себептері бар: Мәселен, ол мүмкін оның психологиялық ерекшелігіне, жан-дүниесінің нәзік келуі болып табылады. Егер бала тек жалғыз болғанды ұнататын, бірақ берілген тапсырманы бұлжытпай орындайтын болса, үндемей өз ойын ішінде сақтап, сыртқа шығармаса, онда ол балаға дер кезінде көңіл бөлінуі керек. Осы кезде ата-ананың қатал болуы, дөрекі сөйлеуі, ұрысу баланың өмірге деген көзқарасының дамуына әсер етіп, одан әрі жасқаншақ болы п кетуі әбден мүмкін.Тұйық болудың ең көп кездесетіні: жанұяда жалғыз өскен балаларда кездеседі. Ағасымен апайының болмай, амалсыз үйде ойнауы бала өмірінің дамуына әсер етеді.Сонымен қатар ата-аналардың көзқарасынада байланысты.           Егер, ата-ана туыстарымен онша араласпай, тек жағымсыз жағын естіртетін болса, онда баланыңда туыстық көзқарасы бұрыс қалыптасады. Сондықтанда ата-ана көзқарасы, ойы үлкен әсер етіп отыратыны анық .Тұйық болуға итермелейтін тағы бір себеп: ата-аналардың іс-әрекеті. --- Сіз балаңызға көп уақытыңызды бөлесіз бе?Егер балаңыз өз қолымен әдемі сурет салса немесе кесте тігіп, өте қуанышты көңілмен әкеліп ұсынса, ал сіз болсаңыз жай ғана көзіңіздің қырын салып қарай алдай салдыңыз делік. Бұнда өз ойыңызды қоспай, шын пейілмен мақтаса баланың алға деген ынтасы туындайды. Немесе сіз балаңыздың тек жаман қылықтарын ғана айтып, мақтамай бетіне басатын болсаңыз бала төмендеуі мүмкін. Психологтардың айтуы бойынша тұйықтықты олардың салған суреттеріненде байқауға болады. Бұл тәжірибені 4 жастан салғызуға болады. Бала өзін ақ бетке қалай салады? 
--- Егер ол өзін өте үлкен қылып салса, онда ол еркеліктің белгісі. 
---- Керісінше, үйде үлкені бола тұра өзін кішкене қылып салса,онда ол өз орынын маңызды деп санамауы. 
      Егер өзін анасынан не әкесінен алшақ қылып салса , онда ол мүмкін әке-шешесінің көп көңіл аудармауы.Егер ата-ананың жұмысы көп болып, балаға деген көңілінің болмауы немесе істеген ісінің жемісін көрмеуі, жақтырмай немғұрайлы қарай салу, Бала санасында: өз ісінің бәрібір қате болатынын, үлкендерге тек кедергімді тигіземін деген ой қалыптасады. Кейбір ата-аналар баланың жағаласпауы үшін немесе уақыттарын алмауы үшін тек материалдық жағын қамтамасыз етуге тырысады. Баланы тек әдемі, қызықты ойыншықтар сатып беріп, алдап отырады.Міне, осыдан бала өз бөлмесінде тек ойыншықтармен ойнайды. Ата- анасы үйде бола тұрсада бала олардың бар екенін елемейді. Өйткені олар баламен бірге емес, әркім өз ісімен шұғылданады. Осындайда ата-анаға деген сезім, махаббатта болмайды.Бір жағынан балаға шектен тыс көңіл аударып, еркелете берудіңде қажеті жоқ. Сондықтанда балалар ата-анасының қандай маңызды жұмыс атқаратындарын білулері керек. 
Мәселен: 
Егер анасы тамақ істегеннің орнына немесе кір жуудың орнына баламен бірге ойнап кетсе аш қалатындарын ақырын ақылмен ұғындыру.Ең бастысы –балаға айғайламай,қатты сөйлемей тек ақылмен ақырын ғана ұғындыру.Бала ата – анасының қорғанышы,сүйіктісі болу керек. Осы өмірде өте мықты,ержүрек,ешкімнен қорықпайтын әкесінің бар екенін,және де өте мейрімді, ақылды анасының бар  екенін  сезінуі  тиіс. Әсіресе  мектепке дейінгі балаларға ата – анасының көп көңіл бөлуі,жанұялық махаббат қолдаушылық көрсеткен өте маңызды.Толық қанды бала болып өсуі үшін: Ішкі және сыртқы сезімдерінің тек бақытты жанұяда дамытуға болады. Егерде жанұяда махаббат,сүйіспеншілік,мейрімділік,өзара түсінушілік болған жағдайда ғана баланың ішкі және сырты сезімдері осы бақытты жанұяда толықтай жетіледі.Бала тұйық болмау үшін үйге жиірек қонақтарды шақыруға тырысыңыз. Бала үшін басқа адамдармен,бөтендермен қарым – қатынас жасау тиімдірек.Баламен сөйлесіп олардың әңгімесін тыңдап, бірге ойнап,ата – ана баласына не қажет екенін неге өкпелегенін т.б.  біле  алады. Осы  арқылы  баланы  өмірге  деген  сенімін  туғызуға  болады.Көптеген балалар қиалдағанды ұнатады. Балаңызға мысал: «Кляксы» ойнын ұсыныңыз 5 – 6жастағы.Оны табиғатта да,  жолда  келе  жатып аспандағы бір бұлтты көрсетіп оның неге ұқсайтынын сұрауға  болады.  Ойлану  кезінде  кедергі  жасамай,өз ойын айтқызуға тырысыңыз . Тек бір ғана сөзбен өз ойын аз білдірсе, оның қиялының дамымағанында. Егер ештеңеге ұқсата алмай,өз ойын, айтпаса,онда қиялы дамымаған немесе сәтсіз уақытты таңдағаныңыз.Тағы бір ойын «Ғажап аң» онда балаға « өмірде жоқ құсты немесе аңды сал- деу» керек. Көбінде балалар өз ойларын салады. Содан соң оның аты кім екенін, оның қайда  мекендейтінін  сұрап,  жауабын  алуға  болады. Балаға ертегілер айтып, оның мазмұнын есіне сақтатуға тырысыңыздар. Өзіне ертегіні құрату өте  тиімді. «Танысу»  ойынын  ойнатуға  болады.          
       Балаларды жаныңызға айналдыра отырғызып өздері жайлы бір – екі сөлем айтып берулерін сұрау. Тұйық болудың тағы бір себебі : табиғи,туа біткен кемістіктің болуы. Мысалы: Көзі онша көрмеуі, толықтық т.б. Балаға ешқашан өз кемістігін айтып бетіне басуға болмайды. Керсінше кемістігінің бар екенін білдірмей , оны мадақтап отыру керек. Мысалы: Мен көзілдірік тағам, бірақ мен тапсырманы күшті орындаймын, мен толықпын бірақ балалармен маған көңілді. Тағы « Мен кіммін?» , « Менің жақсы жақтарым және кемшілігім»  деген  сұрақтарды  қою арқылы  баланы  білуге  болады. Мұндай  ойынды  тек балалармен  ғана  емес, сонымен қатар үлкен адамдарға да қоюға болады . Мақсаты: Ұялмай өзінің кемшілік жақтарын, жақсы жақтарын ортаға  айту. Балаға адамдармен қарым – қатынас жасау мүлде зиян емес екенін, қорқатын ештеңе жоқ  екенін  айту. Адамның ішкі сырын білу, соның ішінде өз балаңыздың ішкі сырын білу оңай емес . Ал оны дұрыс жолға тәрбиелеу ең қиын істердің бірі, ол үшін сіз қаншама шыдамдылығыңызды күшіңізді аямай төгесіз.
                                                                                                                Педагог-психолог: Миненко Е.И. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив