«Азық – түліктер. Дәрумендер.» » КГУ "Специальный (коррекционный) ясли сад №123 для детей с нарушениями опорно-двигательного аппарата и зрения"
Алматы қаласы білім басқармасының
"№123 арнайы балабақша"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Меңгеруші:
+7(727) 251-21-37
әдіскер:
+7(727) 251-27-27
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ноябрь
2020

«Азық – түліктер. Дәрумендер.»

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қазақ тілі»

Өтпелі тақырып: «Азық – түліктер. Дәрумендер.»

Мақсаты: Азық – түлік сапасын иісіне, дәміне, түсіне қарай ажырата білуге үйрету. Дәрумендер – табиғи қорғаушылар екенін ұғындыру, олардың пайдасы жайлы түсіндіру.Қазақ тілінде тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Үйренген сөздерден екі ауыз сөйлем құрауға жаттықтыру.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Азық – түлік, дәрумендер сөздерімен танысады;

Түсінеді: Тағам түрлерін   игереді;

Қолданады:  Қазақ тілінде атауларын,және сөзге сөз қосып әңгімелеуді меңгерді.

Алдын-ала  жүргізілетін жұмыс:  Сергіту сәтін қайталау.

Қостілдік құрам : Азық – түлік – продукты, дәрумендер – витамины, аспазшы – повар

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық.

  • Ұйымдастырушылық –ізденістік
  • Балалар, бүгін бізге 

қонаққа аспазшы апай қонаққа келді. Аспазшы бізге тамақтың иісіне, түсіне қарап ажыратуды және дәрумендердің пайдасы туралы әңгімелеп береді.

  • Балалар, азық – түліктер дегеніміз не?
  • Азық – түлікке нелер жатады?
  • Балалар, азық – түліктерді 

түсіне, дәміне, иісіне қарап ажыратамыз.

  •  Азық – түлік түрлеріне  

ұннан жасалған тағамдар, ботқалар, кеспе жатады. Тамақтарды ішпестен бұрын оның дәмін, иісін иіскеп қарап ішу керек. Егерде тамақтан жағымсыз иіс шығып, дәмі біртүрлі болса ішпеген жөн. Ондай  тамақтардан уланып қалуларың мүмкін.

  • Ал, дәрумендер 

дегеніміз – тамақтың құрамында  болатын, адам ағзасына өте маңызы бар заттар. Дәрумендер әсіресе жемістердің құрамында өте көп болады. Сондықтан күнделікті тамақта жемістерді көп пайдалану керек. Және оларды мұқият жуып жеген жөн. Дәрумендер адам ағзасына өте пайдалы. А,С,В,Д,Е 

дәрумендері болады.

Дәрумен-Витамин

«А»-қызыл бұрыш, сарымсақ, қызанақ

«В»-қиярда,қырыққабатта,сәбізде кездеседі екен

«С» лимон,сарымсақ,пияз,мандаринде кездеседі

«Д»-алма,алмұрт, балық етінде.жүзімде болады.

Қане балалар бір серігіп алайық

Сергіту сәті:

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алап қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Дидактикалық ойын: 

«Дәмін  ажырат»

Мақсаты: балаларға тағам түрлерін дәміне қарай ажыратуға  үйрету.

Ойын шарты: Көздерін   жұмып, тағам түрлерін дәмін тату арқылы ажыратады. 

Рефлексифті –түзетушілік

  • Балалар бүгін  немен таныстық?
  • Бізге қонаққа келді?

Аспазшы апайға рахмет айтып шығарып салу.




 



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив