07
август
2020
"САНА МЕН ДЕНЕ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ"
САНА МЕН ДЕНЕ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ
(Мүмкіндігі шектеулі балаларға пилатес арқылы ағзасының дамуы мен физикалық дұрыс қалыптасуына көмектесу)
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында: «Дені сау ұлт - жалпы ұлттық міндет. Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыру керек», - деп атап айтқан еді. Сонымен қоса, балалық шақтан бастап денешынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қою керектігін баса назар аударды. Қазіргі таңда «Денсаулық» саласы «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметінде кеңінен қолданылуда. Атап айтқанда: степ аэробика, скип аэробика, фитболмен пилатес.
Мақсаты:
1.өз денсаулығына саналы көзқараспен қарауға тәрбиелеу;
2.баланың бойында қозғалыс белсенділігін дамыту және физикалық қасиеттерін қалыптастыру;
3.денсаулық адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіндіру.
. Мүмкіндігі шектеулі балалардың өміріндегі пилатестің алатын орны ерекше. Пилатестің ерекшелігі - адам жасына шек қоймайды. Пилатеспен үлкен де, кіші де, егде жастағы адамдар да айналыса алады. Сонымен қатар, пилатеспен айналысуға ешнәрсе кедергі жасамайды. Жарақат алу, сіңірлердің тартылуы сияқты жағдайлардың мүлдем болмауы да мүмкін. Себебі қимылдардың барлық түрі асықпай, баяу және толқынды түрде жасалады. Сондықтан пилатес жүйесі балаларға қолайлы. Пилатес жүйесі көп жағдайда арқаның бұлшық еттерін қатайту, иық және омыртқа сүйектерін жақсартуда мол пайдасы бар, бұл спорт түріне жас кезінен бастап көп көңіл бөлу керек. Қазіргі таңда екінің бірінде омыртқа ақаулығы кездеседі. Бірақ пилатеспен айналысқан адам, мұндай мәселеге тез шешім таба алады. Пилатестің астарында «дене болмысына бақылау жасау» деген мағына жатыр. Пилатес балаларды дұрыс тыныс алуға, ағзасындағы қан айналымының жақсаруына, бір сөзбен айтқанда ағзаның жағдайын толығымен жақсартуына көмектеседі. Пилатес балаларды тек физикалық емес, сонымен қатар психикалық жағдайын қадағалауға тәрбиелейді.
Пилатес - тек сәнді сөз емес, сонымен қатар фитнеске деген сәнді бағыт.
«Пилатес дегеніміз не?» деген сұраққа қысқаша былай жауап беруге болады: пилатес жаттығулары - біріншіден; ұқыпты және нәзік түрде арқаға, омыртқаға арналған жаттығулар кешені, дене болмысын сұлуландыратын гимнастика. Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде степ-аэробика, гимнастикалық доптармен жасалынатын жаттығулар, фитболмен пилатес жаттығуларын кеңінен пайдаланамыз. Ұйымдастырылған оқу қызметінің негізгі бөліміндегі міндеттерді шешу үшін арнайы дайындалған әртүрлі негізге бағытталған фитнестің кешенді жаттығуларын қолданамыз( көп күшті қажет ететін аэробиканың би түрі, скипаэробика, степ-аэробика т.б.). Олардың бәрі шапшаңдыққа, секіргіштікке күшті болуға басқа да қимылқозғалыс қабілеттерін дамытуға арналған.
Сонымен қатар, заманауи технологиялар түрлі сауықтыру шараларында да кеңінен пайдалынылады, мысалы скип-аэробика. Фитнестің бұл бөлігінде балалар шапшаң, күшті болып қана қоймай, басқа да қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытады және би қимылдарын үйреніп, әуенді тыңдап, әуенмен бірқалыпты қимылдайды . Аэробикамен айналысу балаларға көп қуаныш әкеліп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды . Біз балаларға арнайы жеке - стептер дайындадық.
Степ - бұл отырғыш тәрізді спорттық құрал, биіктігі 8 см, ені - 25 см, ұзындығы - 40 см. Степаэробикада міндетті түрде балаларға жақсы көңіл-күй сыйлайтындай ритмикалық музыканы пайдаланған жөн. Степ-аэробикамен түрлі нұсқада айналысуға болады:
- толық сауықтыру шарасы ретінде (мектеп жасына дейінгі балалармен 25- 35 мин.);
- ұйымдастырылған оқу қызметінде (ұзақтығы 10-15 мин.);
- ертеңгілік жаттығу ретінде;
Степ-аэробиканың бір кешені толық ұйымдастырылған оқу қызметі ретінде балалармен үш ай бойы жүргізіледі, кейбір жаттығулар балалардың меңгеруіне қарай жұмыс барысында өзгеріп, күрделінуі мүмкін .
Жоғарыда аталған заманауи денсаулық сақтау технологиялары арқылы біз мынадай жетістіктерге қол жеткізе аламыз:
1. табиғи өсудi қолдауға жол ашты;
2. өз қозғалысын бақылауды, тепе-теңдікті сақтауды үйретті;
3. барлық бұлшық еттердің қатаюын қадағалады;
4. күш, иiлгiштiк қасиеттерін арттырды;
5. дұрыс тыныс алуға үйретті;
6. зейінді тұрақтандыруға дағдыландырды;
7. өзінесенімділік қасиетін ояту;
8. балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуына көмек берді.