Ұсақ моторика арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту, тілін жетілдіру.
Ұсақ моторика арқылы баланың ойлау қабілетін дамыту, тілін жетілдіру.
Ұсақ мотрика –физиологилық тұрғыдан айтқанда ол қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысы. Сонымен қатар «қол мен көздің» тепе –теңдігін де ұмытпауымыз керек, себебі қолдың ұсақ қозғалысы көздіңбақылауымен жүзеге асады. Бала қозғалысы қоршаған ортадағы заттарды танып-білу барысында қалыптасады. Ересек адам нақты бір әрекет жасағанда біздің білегіміз әр-түрлі бағытта қозғалу арқылы қол қимылын жеңілдетеді. Ал балаға білегін айналдыру әлі де қиынға соғады. Сондықтан қозғалыс жасау кезінде оның қолыныңиықтантөмен барлық жері қозғалады. Яғни қарапайымқозғалыстың өзі баланың көп энергиясын кетіреді. Неліктен баланың ұсақ моторикасын дамытуымызкерек? Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан. Яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз. Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп шешінуіне , сурет салуына, жазуына көмектеседі.
Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше. В.А. Сухамлинский «бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында» екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды. Яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе, ақылы да сонша өседі. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын бала туылған кезден бастау керек. Кішкентай сәбидің қолына массаж жасау арқылы біз алақандағы ми қыртыстарының жұмысын жақсартатын аймақтарды басамыз. Ұсақ моторика дамуының бала жасына байланысты ерекшеліктері:
3-6 айда бала қолын аузына апарады. Қолдың қимылын көзбен қадағалайды. Көрген затына қолынсозады және алады.
6-12 айда бір қолындағы затты екінші қолына ауыстыра алады. Қасықты ыдысқа, текшелерді
қорапқа сала алады.
1-2 жаста шимайлар мен сызықтар сала алады. Ыдысты қолына алып, көтеріп іше алады.
Төртбұрышты төртбұрышқа, домалақты домалақ тесікке сала алады. Кітаптарды
парақтай алады е. 5-6 текшені бірінің үстіне бірін қоя алады.
2-3 жаста - үлгіге қарап қарапайым пішіндер сала алады. Қайшымен қиюды біледі. Қақпақтарды аша алады. Ірі моншақтар тізе алады.
3-4 жаста - қаламды дұрыс ұстай алады. Нүктеленген суреттерді бастыра алады. Өзіне домалап бара жатқан допты ұстай алады. Қағазды бүктей алады.
4-5 жаста қарапайым пішіндерді бояй алады. Негізгі әріптердің баспа түрін жаза алады. Адамның негізгі мүшелері бар суретін сала алады. Қалтаның ішіндегі заттарды сипап сезу арқылы не екенін айта алады. Ермексазбен жұмыс жасай алады. Бау байлай алады.
5-6 жаста - суреттерді жиектеп ұқыпты қия алады. Әріптер мен сандарды жаза алады. Балғамен шегені ұра алады. Геометриялық пішіндердің суретін сала алады. Бала жоғарыда айтылған әрекеттерді жасай алмаса не істеу керек? Мұндай жағдайда ұсақ моторикаға арналған саусақ жаттығуларын жасау керек. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастағандұрыс. Саусақ жаттығулары : пассивті және активті болып екіге бөлінеді. Пассивті жаттығу – ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы.
Қол саусақтарына арналған пассивті жаттығулар кезінде балаға қолайсыз жағдай туғызбауын және тітіркендірмеуін қадағалаған жөн.
Жаттығулардың мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және діріл. Бала саусақтарын ақырындап басқара алатын жағдайға келгенде активті саусақ жаттығуларына көшеміз. Активті саусақ жаттығулары түрлі тақпақпен, көрініспен сүйемелденеді. Оның деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады.
Балалардың ұсақ моторикасын дамытуда тақпақпен бірге жасалатын саусақ жаттығуларының орны ерекше. Мысалы: « қуырмаш», «санамақ», «қоян», «ешкі» « алақан, қабырға, жұдырық» және т.б. ойындарды ойнату баланың ұсақ моторикасын , көру- қозғалыс тепе- теңдігін сақтауда, зейін қою, есте сақтау, санау қабілеттерін дамытуда маңызы зор.
Баланың ұсақ моторикасының дамуы нәтижелі болуы үшін жан – жақтан жұмыс жасалуы қажет. Үй жағдайында баланың ұсақ моторикасын дамытуда әр- түрлі материалдарды, ойыншықтарды пайдалану арқылы саусақтарына арналған жаттығулар ұсынылады. Материалдар баланың жасын , деңгейін ескере отырып таңдалынып алынуы керек , тек ойынға пайдаланылатын барлық заттар бала өміріне қауіп төндірмеуі керек. Олар:
- Пирамида, мозаика мозайка, матрешка құрастыру; Дүкеннен пирамида ойыншығын сатып аларда дөңгелектерінің әр-түрлі болғанын қадағалаңыз. Дөңгелек диаметрі бірінен соң бірі үлкейе түсуі керек. Мұндай ойыншық балаға саусақ қимылын ғана емес логикалық ойлануына да жол ашады. Балаға пирамиданы жинауды ұсынасыз. Алдымен бірге жинап, содан соң өз бетімен жинауға кіріседі.
- Құрғақ бассейн; Құрғақ бассейнге әр – түрлі ұсақ ойыншықтарды тығып оны тапқызып, сипап сезу арқылы ататқызу.
- Түймелерді, тиындарды іріктеу; Түймелерді түстеріне, үлкен- кішілігіне байланысты іріктетеді. Үлкен кісінің қадағалануымен жасалынуы керек.
- Жарманы жинау; Әр түрлі дәнді дақылдарды араластырып, соларды бөлгізу керек.
- Қыстырғышпен жұмыс; Фетрдан, қағаздан жасалған әр-түрлі аңдардарға , балықтарға қыстырғыштар қыстырту.
- Макаронмен жұмыс; Тізбектеп моншақ жасату. Жапсырту.
- Сіріңкемен , санамақпен жұмыс; Әр-түрлі пішіндер жасату, санату.
- Қағазбен жұмыс; Қағазды алсақ, оны ұсақтап жырту, умаждау саусақ күші мен ұсақ қимылын басқару дағдысын дамыту жатығуы болып есептеледі. Қағаздан бұйымдар жасау - тек ұсақ моториканы ғана емес қол мойын буынының кіші бұлшық етін дамытуға әсер етеді.(Мысалы: оригами жасау ).
- Жапсыру (балшықтан, ермексаздан , қамырдан).
- Арнайы шеңберге , бәтеңкеге бау байлау;
- Жуан жіппен түйіншек жасау;
- Құм терапиясы. Құммен жұмыс істеуді негізі үш түрге бөлуге болады – балалар өз дамуының түрлі кезеңдерінде құммен ойнау үрдісі барысында : құм үстінде белгілі бір манипуляциялаи жасау: балалар кішкентай қалыптарды құммен толтырады, құмның үстімен сызықтар жүргізеді, таңбалар қалдырып, төбешіктер жасайды; құмға терең бойлау: шұңқырлар мен тоннельдер жасау, сондай –ақ құмға заттарды көму, кейіннен оларды қайта қазып алу; суды қолдана отырып жұмыс істеу: балалар суды құмға қалағанынша құюы мүмкін.
- Су терапиясы. Су құйылған ыдыстың түбіне ересек адам бірнеше тас , ракушка салады. Содан соң балаға «қазына» ал деп ұсынады. Ол үшін өте әдемі тасты таңдап алып түбіне салады (тереңдігі 15-20 см. Көп емес ) және бала басқа тастар және ракушкалар арасынан қажетті затты тауып алуы қажет.
- Конструктор немесе кубиктер ойнау;
- Ауада сурет салу;
- Әр түрлі материалдармен суреттер салу (қарындаш, бояу, қалам, бор)
- Қолөнер; Әр- түрлі табиғи материалдардан картинкалар жасату.
Мұндай жұмыстар баланы қызықтырады, қиялдарының , ой – өрістерінің дамуына септігін тигізеді. Баламен бұл жұмыстарды жасай отырып, сөйлесіп, сөздерді нақты айтылуын қадағалап, айталмаған сөздерді қайталатып отыру керек. Бұл баланың сөйлеу тілінің қалыптасуына, дұрыс сөйлеуіне, дыбыстарды ажыратуына септігін тигізеді.