ТҚАБ "Нұршашу" тобында «Сиқырлы күз» атты мереке
Нұршашу тобында өтетін
«Сиқырлы күз» мерекесіне арналған сценариі
Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.
Әсем әуен ойнап тұрады. Балалар орман корінісімен безендірілген залға кіреді. Зал әсем шарлармен, ойыншықтарман және жапырақтармен әдемі безендірілген. Балалар залға музыкасымен көңілді кіреді. Ән біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар,әріптестер, және осы бөбекжайдың кішкене бүлдіршіндері! «Сиқырлы күз» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Балалар, біздер күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қарайықшы. Жапырақтары сары, қызғылт, қызыл. Өте әдемі екен?! Солай ма, балалар? Ал орманды кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме?
Балалар: Сиқырлы күз әдеміледі.
Жүргізуші: Дұрыс балалар.
Тыңдаңдаршы, жел соғып жатыр. Қане, бәріміз желмен бірге үрлейік. (Үф –ф... үрлейді)
Жүргізуші: Алтын күз,жаңбырлы күз,
Жомарт күз,суығына шыдайтын,
Сұлулығына көз тоймайтын ,
Алтын күздің тойында,
Шаршауды білмейміз.
«Күз келді»әнін қабыл алыңыздар !
- Жаңбырдың балалар, өте жай, кішкене түрі болады. Оны салу үшін қолымызды жай шапалақтаймыз (балалар қолдарын жай соғады, әуен жай ойнайды). Сонымен қатар үлкен, қатты жаңбырлар да болады ( балалар қолды қаттырақ, тезірек соғады,әуеннің дауысы қатты шығады).
«Қандай жаңбыр» ойыны ойналады.
Ақназар : Күздің қазан аиында
Алма,алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр- сыбдыр түседі.
Адылан: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға ,
Шақырады біздерді.
Жүргізуші: Біз жаңбыр жауғанда саңырау құлақтардың үлкен болып өсетінін білеміз.
Би: «Саңырауқұлақтар»
Жүргізуші: Балалар Күз қайда ?Мүмкін адасып,бізге келе алмай жатқан шығар?Кәне оркестр ойнайық,бізді естіп келіп қалар?
Оркестр орындалады.
Жүргізуші:
Алтын күз,
Алтын күз,
Келші менің далама.
Алтын күз,
Алтын күз,
Келші біздің бақшаға.
Залға күз кіреді:
Сәлем, өрен достарым
Алақанды тос бәрің
Қымбатты сый алыңдар,
Қызығыма қаныңдар.
Ән салыңдар, күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер,
Кел, күз тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық!
Сәлеметсіздер ме, балалар! Дауыстарың қандай әдемі! Сендер мен туралы әндетіп жатырсыңдар ма? Мереке басы ән болар, береке басы дән болар,- дейді халқымыз. Мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларды алтын дәнге толтырдым. Сондықтан халық мені «Жомарт күз» , - деп те атайды.
Жүргізуші: Балалар, біздер күзге арнап әнімізді аитаиық. Жомарт күздің бізге берер сыйлығы бар.
«Тише – тише- тишина»
Жүргізуші: Алтын күз, біздің ұлдарымыз сізбен бірге «Оркестр » оинайды
Күз: Жарайды,өте тамаша балалар .
Күз: Енді балалар мен сендермен ойын ойнаймын.
«Көкөністер мен жемістерді ажырат»
Жүргізуші: Күз арқылы білеміз
Жомарттықтың салтын біз
Біз өзіңді сүйеміз,
Балалар: Рахмет саған алтын күз!
Жүргізуші: №123 балабақша бөбекжайының директоры Е. Г. Гончароваға сөз кезегін береміз.
Күз ханшайымы балаларға алмалар үйлестіреді.Балалар күзге рахметін айтып қоштасады.
Жүргізуші: Құрметті көрермендер,осыменен «Сиқырлы күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар!