10
август
2020
" ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ"
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
«Баланы ойын – өсіреді» деген даналық сөз тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңіл өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы таным-түйсігі қалыптасады. Өздерінің құрбы-құрдастарымен қарымқатынас жасауға үйренеді. Ойындар сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп нақты қорытынды алуға көмектеседі.Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндетті шешуге мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Олар өмір есігін жаңа ғана ашқан жас буындар денесінің, ақыл-ойының, сана-сезімінің дамуына, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамның қалыптасуына жағдай жасайды. Қазақ ауыз әдебиетіндегі әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады.
Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріп өрнектелген ой мен әрекеттің, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Ұлттық ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өрісі кең өсіп-жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Фольклортанушы ғылым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойыны» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «…өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес жастан жиырма жас аралығындағы жастар…» Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, кіші топтағы балаларға лайықты: «Санамақ», «Тәй-тәй», «Айгөлек», «Соқыр теке», «Қуырмаш», «Алақан соқпақ», «Ақ серек-көк серек» т.б ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «Тақия тастамақ», «Тартыс», «Сиқырлы қоржын», «Бәйге», «Көкпар», «Асық», «Хан талапай», «Теңге алу», «Қыз қуу», «Орамал тастамақ», «Ақсүйек», «Күрес» т.б ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тапқырлықтарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.Сан алауан ұлттық ойындар баланың дене тәрбиесін дамытып жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуге күш-жігерін жұмсай білетін төзімділікке тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Заман өзгерген сайын адам баласының басынан өткендері баланың ойынында көрініс табатынына ешкім де шек келтірмес. Ең бастысы ойын барысында баланы жанжақты ойлануға, өзгелердің пікірімен санасуға, ортақ тіл табысып, тез арада шешім қабылдауға, ойынды шыншыл ойнауға, адал болуға, жалған сөйлемеуге, жанашырлыққа, кешірімді болуға баулу қажет.Тәрбиеші балалардың физиологиялық, психологиялық, ерекшеліктерін есте ұстап, ұлттық қозғалыс ойындарын балабақша өмірінде жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастыра білгені жөн. Ойын жас ерекшеліктеріне сай келмесе, кері әсерін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар ойындар баланың белсенділігін арттырып, тәртібіне де оң әсерін тигізеді, өзіне де баға бере алады. Әрбір ойын – балалардың адамгершілік жолындағы бір көтерілер баспалдағы секілді.
«Қамшы» ойын.
Шарты: Ол үшін балалар үлкен шеңбер жасаптұрады. Музыка ойнайды. Қамшы шеңбер бойымен қолданқолға өтеді. Музыка тоқтағанда қамшы кімнің қолында қалса, сол баланың оң жағындағы және сол жағындағы балалар қарама-қарсы жүгіріп келіп, қамшыны алуы керек. Қамшыны кім тез алады, сол жеңімпаз болады.
«Ала күшік» ойынының ерешеліктері мен тәрбиелік маңызына келер болсақ, оның сюжеттік мәнінде сақтықта баулитын қасиеті бар. Ойынның шарты бойынша бала қауіпті бейнеге қарсы келе жатып, өзіне белгі берілмейінше қашпайды. Бұл әрекет баланы қиындықты жеңе білуге, батылдыққа баулыса, сонымен қатар мінезін басқара білуге үйретеді. Тәрбиеші жерге дөңгелек шеңбер сызады. Бұл ала күшіктің үйшігі, бұдан 2-3 қадам жерге тағы сызық түседі, бұл сызыққа балалар жете алатындай болуы керек. Осы сызықтан 20-25 адамдай жерге екінші сызық сызылады, бұл балалардың ала күшіктен қорғанатын жері. Мұндай дайындық балалардың көңілін сөзсіз сақтыққа аударады. Тәрбиеші ойын шартымен таныстырады: Міне, жатыр ала күшік, Табанына мұрнын тығып. Маңғазданып тыныш жатыр, Бірде қалғап, бірде ұйықтап. Жақын барып оятайық, Үрмес пе екен, байқайық. Ойын барысында тәрбиеші «Ала күшік» рөлін өзі атқарады. Оның ұсынысымен балалар бір – бірінің қолынан ұстап, сызыққа жақындайды. Ортаға бір бала шығып өлең айтуы тиіс, қалғандары оны қайталайды. Осы өлеңнің соңғы шумағы айтылғанда, балалар итті түртеді және сипалайды. Ит өзін балалар келіп түртіп, сипағанша көзін ашпай жатады. Кенеттен көзін ашқан ит арс-арс етіп үреді де балалрды қуады. Ал балалар үйлеріне қарай қашады. Балалардың соңына түскен ит сызыққа жеткенше ұстап қалады.
Келесі ойын «Қасқыр мен лақтар» деп аталады. Ойынның шарты: бұнда бас қасқыр болады, ал қалғандары лақтар. Санамақ санап, қасқырды таңдап алады. Ара қашықтығы 10-15 метр қора мен өріс сызылады. Ойнаушы балалар үйлерінде тұрып: Бөрте, бөрте, бөрте лақ, Бөрте лақ тым ерке-ақ. Кетесің кейде секеңдеп, Байламаса көкем кеп. Осы өлеңнен кейін бәрі дүркіреп жүгіріп, өріске беттейді. Оларды алаңның ортасындағы қасқыр қуып береді. Қолға түскен лақтар ойыннан шығып, келесі ойынға кіреді. Кім қасқырға ұсталмаса, ол жеңген болады.
Ал «Бос орын» ойыны балалардың күшін сынауға, ерік-жігерін қайрауға және тәртібін бақылауға бағытталған. Ойында бала өзіне тең жақтас іздейді, оған көңіл бөледі, балалардың қарым-қатынасына да әсер етеді. Сол сияқты ойын элементтері тәртібін бұзбауға шақырады. Ойынды өткізу тәртібі бойынша бір-бірінің қолдарынан ұстасып шеңбер жасап дөңгелене тұрған балаларға тәрбиеші. «Кім біздің арамызда тез жүгіре алатынын тексерейік!» дейді. Балалар шеңбер жасаған бойда еденге отырады. Тәрбиеші шеңбер сыртында айналып жүріп: бір, екі, үш – ал жүгір дейді. Тәрбиеші бос орынды иемдену үшін қай бағытта жүгіретінін күні бұрын түсіндіріп қояды. Тәрбиеші мен бала шеңберсыртымен қарама-қарсы жүгіреді. Тәрбиеші бос орынға баланың бірінші болып келуіне мүмкіндік жасайды. Бала шеңберді айналып жүріп тәрбиешінің сөздері мен қимылдарын қайталайды. Келесі жүгіргенде тәрбиеші өзі бос орынға бірінші боп тұруы қажет. Енді орынсыз қалған бала ойын бастаушының рөлін атқарады. Жеңген баланы қол шапалақтап, мадақтап отыруы қажет. Ойын ережесі бойынша, серіктестікке ойынға қатыспаған баланы тарту керек.
Ойын ұйымдастыру жағынан қарапайым болғанымен, көбірек кеңесті талап етеді. Әрбір мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме – мемлекеттің шағын бөлшегі. Ал әрбір бала – қоғамның дербес мүшесі. Еліміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан- жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Сондықтан патриот ұрпақ тәрбиелеу үшін«Ұлттық ойындардың» маңы зор.
Жалпы ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделген. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады.
Балаларға ұлттық ойындарды үйретіп, оған өзгеше әр беріп, жаңартып өткізіп отыруды ата-аналар, тәрбиешілер бір сәтте естен шығармағандары абзал. Өйткені жас бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!